Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда коммуналдық тарифтерді көтеру 2026 жылғы II тоқсанға дейін тоқтатылды

Қазақстанда коммуналдық тарифтерді көтеру 2026 жылғы II тоқсанға дейін тоқтатылды

|

|

Астана. 16 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2025 жылғы 16 қазаннан бастап Қазақстанда барлық тұтынушы топтары үшін коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру 2026 жылғы I тоқсанның соңына дейін уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейсенбі күні Мемлекет басшысының экономикалық реформалар бағдарламасын халық мүддесіне сай жүзеге асыруды реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі бойынша Үкімет отырысы өтті.

Отырыс қорытындысында бірқатар шешім қабылданды, соның ішінде – коммуналдық тарифтерді уақытша тоқтата тұру туралы.

«Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) жүйесіне қатысты барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс», – делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қорларының жұмысы жандандырылады. Атап айтқанда, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғайтылады. Бұл өз кезегінде ӘМАТ санатына жататын өнімдердің арзандауына ықпал етеді.

«Сонымен бірге, делдалдық тізбектерді қысқарту және сауда үстемелерін негізсіз көтеру фактілерін анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысына ерекше назар аударылады», – деп толықтырды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты келісімнің іске асырылуын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Венесуэла қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен көршілес елдермен бөлісуге дайын

Венесуэла президенті Николас Мадуро аймақтағы қылмыстық топтарға қарсы күрес жүргізу мақсатында көршілес мемлекеттерге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен операциялар өткізуге ұсыныс жасады.

АҚШ пен Украина арасындағы екі күндік келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатовпен Майамиде өткен екі күндік келіссөздері айтарлықтай нәтиже әкелген жоқ, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Сеулде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа стратегиясындағы Оңтүстік Кореяның рөліне алаңдаушылық білдірілді

АҚШ-тың жаңартылған ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігі мен аймақтық рөлінің жеткілікті түрде ескерілмеуі Сеулде алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды сенбі күні Ренхап агенттігі.