Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда отбасылық саясат нормалары заң жүзінде бекітілді

Қазақстанда отбасылық саясат нормалары заң жүзінде бекітілді

|

|

Астана. 5 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Президенттің «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» жарлығымен республикада отбасылық саясаттың негізгі ұстанымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Құжатта отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды қолдау, жауапты ата-ана болуды дәріптеу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтіледі. Сондай-ақ отбасылық саясат саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру маңызды екені көрсетілген. Жарлық сәрсенбі күні жарияланды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті Филиппиндегі тайфун құрбандарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин президенті Фердинанд Маркосқа «Калмаэги» тайфуны салдарынан орын алған көптеген адам өліміне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстанда ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттары айқындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекітетін жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні сәрсенбі күні Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Мәжіліс жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістерді мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.

Қазақстан мен Беларусь Үкіметі сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту мәселесін талқылады

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада Беларусь премьер-министрі Александр Турчинмен ресми кездесу өткізіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.