Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Филиппиндегі тайфун құрбандарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Филиппиндегі тайфун құрбандарына көңіл айтты

|

|

Астана. 5 қараша. ИНРЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин президенті Фердинанд Маркосқа «Калмаэги» тайфуны салдарынан орын алған көптеген адам өліміне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тіледі, делінген хабарламада.

Филиппин БАҚ-тарының мәліметінше, 4 қарашада архипелагқа соққан тайфун салдарынан кемінде 66 адам қаза тауып, тағы 26 адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың көпшілігі су тасқыны кезінде үйлерінің шатырларында қалып қойған немесе ағыммен көлікте жүрген жерінен ағын су алып кеткен.

Қаза тапқандардың арасында әскери-әуе күштерінің гуманитарлық көмек жеткізуге бағытталған тікұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза болған алты адам да бар.

Филиппин — табиғи апаттарға ең көп ұшырайтын елдердің бірі. Жыл сайын мұнда шамамен 20 тайфун мен дауыл өтеді. Ел аумағында ондаған белсенді жанартау бар және жиі жер сілкіністері болып тұрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Ирандағы уран байытуға 20 жылдық мораторий енгізуді талап етуде – БАҚ

Егер Тегеран Вашингтонның негізгі ұсынысын қабылдаса, тараптар 30 күн ішінде егжей-тегжейлі келісім бойынша келіссөз жүргізеді.

Парсы шығанағы аймағында Ормуз бұғазының жабық болуына байланысты, шамамен 1,6 мың кеме өте алмай тұр — БАҚ 

Қазіргі таңда Парсы шығанағы аймағында жалпы саны 20 мыңға жуық теңізші отырған шамамен 1,6 мың кеме Ормуз бұғазы арқылы өте алмай, кептеліп қалған.

АҚШ ұсынған меморандум Иранға қарсы америкалық блокаданы алып тастау мен Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты кезең-кезеңімен ашуды қарастырады — БАҚ

АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы бір беттік меморандумда Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын біртіндеп қалпына келтіру және Иран порттарына қойылған америкалық блокаданы алып тастау мәселесі қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. «Бұл мерекенің мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы ерекше. Ол жауынгерлеріміздің ерлігі, рухының мықтылығы мен жанқиярлығын айшықтайды.