Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда қару иелеріне бақылау күшейтіледі

Қазақстанда қару иелеріне бақылау күшейтіледі

|

|

Астана. 10 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста «Күзет қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, құжат мемлекеттік бақылауды жетілдіру, сондай-ақ қару иелеріне және күзет қызметімен айналысатын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту мақсатында әзірленген.

Заң жобасы күзет қызметі субъектілерінің құқықтарын және қару айналымы саласындағы заңнамалық талаптарды нақтылайды, мемлекеттік пулегильзотека қалыптастыру тәртібін айқындайды және азаматтық әрі қызметтік нарезді атыс қаруына уақтылы бақылау атқылауын (контрольный отстрел) жүргізу міндетін енгізеді.

Құжатқа сәйкес, қызметі тоқтатылған жағдайда қаруға ие заңды тұлғалар 10 жұмыс күні ішінде қару мен оның оқ-дәрілерін ішкі істер органдарына өткізуге міндетті болады.

Күзет қызметімен айналысатын субъектілер ведомствоға өз қызметі туралы есептілікті ұсынуға тиіс, ал есептіліктің нысаны мен мерзімділігі уәкілетті орган тарапынан бекітіледі.

Қару иелері азаматтық және қызметтік нарезді атыс қаруын бақылау атқылауына ұсынуға міндеттеледі.

Сонымен қатар, заң жобасы «әскери күзетпен қамтамасыз етілген теміржол күзеті» ұғымын енгізеді. Бұл – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға. Әскери теміржол күзетінің негізгі мақсаты транзиттік жүк тасымалдарына қатысатын терминал аумақтарында жүктер мен теміржол көлігі нысандарын тәулік бойы қорғауды қамтамасыз ету болады.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.