Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда жаңа Конституция күшіне енді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді

|

|

Астана. 1 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енді. Осыған байланысты 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған бұрынғы Ата Заңның күші жойылды.

Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенаттан тұратын екі палаталы Парламенттің өкілеттігі де тоқтатылды.

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, вице-президент лауазымы енгізіледі. Бұған қоса, Парламент бір палаталы құрылымға көшіп, Құрылтай деп аталатын болады. Оның құрамына тек партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

Сондай-ақ заң шығару бастамасы құқығы берілетін жоғары консультативтік орган – «Халық кеңесі» құрылады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылды.

Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Президент Құрылтай сайлауын тағайындауы тиіс, ал сайлау екі айдың ішінде өткізілуі қажет. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын.

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Президент Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындауға тиіс.

Бастапқыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда екі палаталы Парламенттен бір палаталы модельге көшуді көздейтін парламенттік реформаны жүзеге асыру жоспарланған еді. Алайда кейін жұмыс тобы Ата Заңға ауқымды өзгерістер енгізуді ұсынып, соның нәтижесінде жаңа Конституция қабылдау туралы шешім қабылданды.

Енді Қазақстанның Конституция күні мемлекеттік мерекесі жыл сайын 30 тамызда емес, 15 наурызда атап өтіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Күту тізімінің» тұзағы: мемлекеттік қолдауды күткен фермерлер қарызға батты

Мәжіліс депутаттары фермерлер арасындағы әлеуметтік ахуалдың ушығып бара жатқанына алаңдаулы. Мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде бюджет мүмкіндігінен әлдеқайда көп өтінім қабылданып, олардың орындалуы кейінге қалдырылатын тәжірибе қалыптасқан. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуге арналған тетік өз мақсатын ақтамай, керісінше, шаруаларды қарызға батыратын жүйеге айналып барады. Жеңілдетілген несие ала алмай, «күту тізімінде» айлап, тіпті жылдап тұрған шаруалар осы аралықта уәде етілген төмен мөлшерлеменің орнына жылдық 26 пайыздық коммерциялық сыйақымен несие төлеуге мәжбүр. Ал қаржыландыруды күтіп тұрған өтінімдердің жалпы көлемі қазірдің өзінде жүздеген миллиард теңгеге жеткен.

Даму мен жаңғыру кезеңі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктеріне жоғары баға берді. Расында, бұл салада қол жеткізілген нәтижелерді жоққа шығару қиын.

Берешегі бар азаматтарға тауарлық несие беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарызға белшесінен батқан азаматтарды қолдауға арналған тағы бір тетікті – тауарлық несиені ұсынды. Мемлекеттік органдар халықтың борыш жүктемесін азайтудың жаңа жолдарын іздеп жатқандай көрінеді.

Пайда қуамын деп, пәлеге қалды

Такси қосымшалары пайда болғалы бері заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілердің саны азайып, бұл саладағы ашық алдау-арбау тыйылды деп ойлап едік. Бұрын Алматы әуежайына келген әрбір жолаушыны қалаған жеріне қымбат бағаға жеткізіп саламын деп жағалайтын жүргізушілер қарсы алатын.