Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адам ұсталды

Қазақстанда жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адам ұсталды

|

|

Астана. 25 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Президент ведомствоның жыл басынан бергі негізгі жұмыс қорытындысын және алдағы кезеңге арналған міндеттерді тыңдады.

Хабарламада көрсетілгендей,
«Ермек Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік органдарының экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстағанын баяндады. Радикалды идеология жақтастарының 83-і сотталды. Ішкі істер министрлігімен бірлескен шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, 244 қатысушы ұсталды, 96 адамға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы санкцияланды».

Сонымен қатар заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, шамамен 6 мың оқ-дәрі тәркіленген. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі арналарының жолы кесілді. Жалпы 20 тоннаға жуық есірткі заты, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин және 10 тонна прекурсор тәркіленді.

Баспасөз хабарламасында атап өтілгендей «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында мемлекетке келтірілуі мүмкін 3,8 триллион теңге көлеміндегі залалдың жолы кесілді, бюджетке 255 миллиард теңге өндірілді. Коррупция фактілері бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды».

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО-дағы жерасты газ қоймалары 74,47%-ға толды. Газ айдау қарқыны әдеттегіден жоғары

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 17 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,47%-ға жетті. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы Gas Infrastructure Europe (GIE) хабарлады.

Өзбекстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөнінде алғашқы келіссөздерін өткізді

Өзбекстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі диалог аясында алғашқы келіссөздерін өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қытайда қыркүйек айында өнеркәсіп өндірісі мен бөлшек сауда өсімі жеделдеп, болжамнан асып түсті

Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметінше, қыркүйек айында елдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға өсті.

Азия қор нарықтарында бірыңғай үрдіс байқалмайды

Дүйсенбі күні Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.