Евразия24ЖаңалықтарҚытайдың Тайвань жөніндегі Жапония премьерінің мәлімдемесіне берген жауабы екіжақты қатынастарға нұқсан келтіруде

Қытайдың Тайвань жөніндегі Жапония премьерінің мәлімдемесіне берген жауабы екіжақты қатынастарға нұқсан келтіруде

|

|

Токио. 18 қараша. ИНТЕРФАКС. Жапонияның сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги сейсенбі күні Қытай тарапының Тайвань мәселесіне қатысты Жапония премьері Санаэ Такаитидің пікірлерінен кейін қабылдаған шараларын сынға алды.

Министрдің Bloomberg агенттігі келтірген мәлімдемесінде: «Қытай жариялаған шаралар екі ел халқы арасындағы байланыстарға кедергі келтіріп, бұған дейін келісілген екіжақты қарым-қатынастардың жалпы бағытына қайшы келеді. Мемлекеттік және коммерциялық секторларда әртүрлі деңгейде өзара байланыстарды сақтау маңызды», — делінген.

Тосимицу Мотэги Жапония СІМ Азия және Океания департаментінің директоры Масааки Канаиді Қытайға жібергенін еске салып, оның ҚХР СІМ өкілі Лю Цзиньсунмен кездесу нәтижелері бойынша есеп беруін күтетінін айтты.

Осыған дейін министр Жапония парламентінде сөйлеген сөзінде, ел билігі премьердің пікірлеріне қатысты қате түсіндірмелерге жол бермеу үшін жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін «Киодо» агенттігі дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап, Канаи Қытай өкілдерімен кездесу барысында Такаитидің Жапонияның 1972 жылғы коммюникеде көрсетілген ресми ұстанымын — Қытай Халық Республикасын Қытайдың жалғыз заңды үкіметі ретінде тану — өзгерпегенін түсіндіретінін хабарлаған.

2025 жылғы қарашада премьер Санаэ Такаити Тайвань төңірегіндегі әскери қақтығыс жағдайы Жапония үшін «өмірлік қауіп төндіретін жағдайға» ұласуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. «Киодо» бұл жағдайда Жапония ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын қолдануы ықтимал екенін атап өткен.

Алайда Қытай билігі Тайвань мәселесін елдің ішкі ісі деп есептеп, Такаитиден бұл мәлімдемелерден бас тартуды талап етті. Пекин жапондық бағытқа қатысты бірқатар шектеу шараларын қабылдады: қытай азаматтарына Жапонияға бармауға кеңес берілді, ал білім алуға ниеттілерге қауіпсіздік жағдайына байланысты бұл шешімдерін қайта қарау ұсынылды.

Өз кезегінде Такаити өз сөзін қорғап, тек гипотетикалық сценарийлерді атағанын және Жапония үкіметі «өмірлік қауіп төндіретін жағдайдың» бар-жоғын бағамдау үшін жан-жақты сараптама жүргізетінін атап өтті.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қытай әскери кемелері Шығыс Қытай теңізіндегі Сэнкаку аралдары (Қытайша атауы — Дяоюйдао) маңында қайтадан байқалған. Бұл аумақ Жапония мен Қытай арасында территориялық дауға ұшырап отыр. Осыған байланысты Жапонияның қорғаныс министрі Синдзиро Коидзуми жағдайды мұқият бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді.

Еске салсақ, Тайвань мәселесі 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін туындаған. Сол кезде Гоминьдан партиясының бір бөлігі Тайвань аралына қоныс аударып, өзін Қытай Республикасы ретінде жариялаған. Пекин «бір Қытай» қағидатын ұстанып, КХР мен Тайвань үкіметін қатар тануға болмайтынын мәлімдейді. Дегенмен көптеген ірі мемлекеттерде Тайбэйдің бейресми мәдени және экономикалық өкілдіктері жұмыс істейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.

Осы аптада Ормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалды

Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.