Евразия24Жаңалықтар«Самрук-Қазына» басшысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтуге сенімді

«Самрук-Қазына» басшысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтуге сенімді

|

|

Астана. 29 қазан. Интерфакс-Қазақстан – «Самрук-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі, АҚШ-тың Үндістандағы елшісі Сержио Гор және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесу өткізіп, екіжақты әріптестікті нығайту және экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Нұрлан Жақыпов американдық компаниялармен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екеніне сенім білдірді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның мұнай-газ секторында Chevron және ExxonMobil компаниялары қатысатын ірі жобалар – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жүзеге асырылып келеді.

Көлік саласында Wabtec Kazakhstan зауыты локомотивтерді шығарып, қызмет көрсетуде. Энергетикада электр желілерін цифрландыру және жаңғырту бойынша GE жабдықтары пайдаланылады. Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana Boeing 767 әуе кемелерін қолданады.

Кен өндіру саласында «Тау-кен Самұрық» компаниясы мен Cove Capital сирек металдарға қатысты барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізуде.

Сонымен қатар спутниктік интернетті дамыту бағытында Amazon Kuiper мен «Қазақтелеком» арасында әріптестік орнатылып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.