Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысу үшін Түркияға барды

Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысу үшін Түркияға барды

|

|

Астана. 17 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысу мақсатында Түркияға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Президент форум өтетін NEST конгресс-орталығында. Мұнда көшбасшылардың панельдік сессиясы жоспарланған.

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбындағы пікірталасқа Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давкова мен Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе де қатысуда. Сессияны Түркия парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу жүргізеді.

Анталия дипломатиялық форумы – саясаткерлер, дипломаттар, сарапшылар және іскер топ өкілдері бас қосатын халықаралық деңгейдегі маңызды алаң.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Қытай бастамаларын қолдауға дайын екенін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдың бастамаларын қолдауға дайын екенін мәлімдеп, Си Цзиньпинмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

CATL Қазақстанда аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салуға дайын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапары аясында Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) компаниясы директорлар кеңесінің тең төрағасы Пань Цзяньмен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайлық CCCC еншілес компаниясы Алматы облысында қуаты 600 МВт болатын гидроаккумуляциялық электр станциясын салады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапары аясында China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының президенті Чжан Биньнаньмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайлық Guoyou компаниясы Құрық порты терминалының бірінші кезеңін салады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянмен кездесіп, Маңғыстау облысындағы Құрық портының көпфункционалды терминалының бірінші кезеңін салу жобасын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.