Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Халықаралық қауымдастықтың сенімі – Қазақстанның дұрыс бағытта келе жатқанының дәлелі

Тоқаев: Халықаралық қауымдастықтың сенімі – Қазақстанның дұрыс бағытта келе жатқанының дәлелі

|

|

 

АСТАНА. 26 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған реформалар жолын жалғастырып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технология жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында мәлімдеді.

«Қиын-қыстау кезеңге қарамастан, біз дұрыс бағытпен келе жатырмыз. Еліміз барлық қиындықтарға төтеп беріп, алға нық қадам жасауда», – деді Президент.

Мемлекет басшысы соңғы бес жыл ішінде елдің ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 181 миллиард доллардан 291 миллиард долларға дейін өскенін, ал биылғы сегіз айда экономиканың өсімі 6,5%-ды құрағанын атап өтті. Сондай-ақ халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың активтері 116 миллиард доллардан асқан. «Standard & Poor’s» агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «оң» деңгейге өзгерткен.

«Бүкіл әлем елдері мен беделді халықаралық ұйымдар осы жетістіктерімізді мойындап отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, сырт көз – сыншы. Қазақстанға халықаралық қауымдастықтың сенім білдіруі – еліміздің дұрыс бағытта дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Алайда халықаралық рейтингтердегі жоғары орындар – біздің мақсатымыз емес және ол үшін босаңсуға да болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мемлекеттің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын тұрақты түрде жақсарту және еліміздің жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.