Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздерде ядролық қарудың таралуы басты тақырып болуы...

Тоқаев Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздерде ядролық қарудың таралуы басты тақырып болуы тиіс деп санайды

|

|

Астана. 17 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы дағдарыстың негізгі себептеріне баса назар аударуға шақырды. Ол ядролық қарудың таралу мәселесі халықаралық келіссөздердің өзегіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Мен әлемде болып жатқан оқиғаларға барынша байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, қазір бәрі Иран мәселесін талқылап жатыр. Әрине, ол жақтағы жағдай күрделі. Бұл тұрғыда қандай да бір пікір білдіру оңай емес. Қазақстан Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастығын білдірді. Біз барлық мемлекеттерді стратегиялық ұстамдылық танытуға және әскери іс-қимылдарды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың теріс салдарын барлығы сезінді», — деді Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының бұл пікірі Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада жарияланды.

Тоқаев атап өткендей, ең алдымен экономика саласы зардап шекті.

«Бүгінде барлығы Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін қозғалысы туралы айтып жүр. Бірақ біз қақтығысқа дейін аталған теңіз дәлізі еркін сауда үшін ашық болғанын ескеруіміз қажет. Сондықтан біз мәселенің түпкі мәніне үңілуіміз керек. Ал мәселенің мәні — ядролық технологиялар мен ядролық қарудың таралуында болып отыр. Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздер жүргізілгенде, дәл осы мәселе орталық тақырыпқа айналуы тиіс», — деді Тоқаев.

Дегенмен, Президенттің айтуынша, қазіргі таңда көпшіліктің назары жаһандық сауда мәселелерін талқылауға ауып кеткен.

«Барлық қиындықтарға қарамастан, жаһандық сауда өсіп жатыр. Тек өткен жылдың өзінде өсім 2,5%-ды құрады. Демек, әлемдік сауданың жағдайы соншалықты нашар емес. Бірақ сауданың сапасы мен мазмұны үлкен мәселе болып қала бермек», — деп толықтырды ол.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО-да әзірге авиациялық отын тапшылығы байқалмайды

Еурокомиссияның (ЕК) үйлестіру тобы жүргізіп отырған тұрақты мониторинг деректері қазіргі уақытта Еуропалық Одақта авиациялық отын тапшылығын көрсетіп отырған жоқ, деп мәлімдеді ЕК ресми өкілі Анна-Кайса Итконен.

Балтық жағалауы елдері Rail Baltic құрылысын 2030 жылға қарай аяқтауды көздеп отыр

Балтық жағалауы елдері Rail Baltic теміржол қатынасының құрылысын 2030 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Тоқаев әлем қауымдастығын өңірлік және жаһандық қақтығыстарды болжау шараларына баса назар аударуға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығыстардың алдын алу ісінде превентивті дипломатия шараларын қолдану қажет деп санайды.

Батыстың құлдырауы

Бұл өте қызықты сұхбат, оқырманға оны бастан-аяқ өз бетінше тыңдап шығуға кеңес береміз. Мұндағы қозғалған мәселелер ғана емес, сұхбат берушілердің тұлғалық болмысы мен қазіргі жаһандық аласапыранға деген өзіндік көзқарастары да ерекше назар аудартады.