Евразия24ЖаңалықтарТоқаев патриарх Кириллді екі халық арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін...

Тоқаев патриарх Кириллді екі халық арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін “Алтын Қыран” орденімен марапаттады

|

|

АСТАНА. 17 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллмен кездесу өткізді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев патриарх Кириллге съездің жұмысына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптес әрі одақтас мемлекеттер екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы екі ел халқы арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін және ерекше құрметтің белгісі ретінде патриарх Кириллді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы — «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.