Евразия24ЖаңалықтарТоқаев пен Ердоған ынтымақтастықты нығайтуды және алдағы сапарларды талқылады

Тоқаев пен Ердоған ынтымақтастықты нығайтуды және алдағы сапарларды талқылады

|

|

Астана, 24 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Түркия Президенті Тоқаевты жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануымен құттықтап, жаңа Негізгі заң елдің одан әрі тұрақты дамуына және оның ішкі әрі халықаралық әлеуетін нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.

Ердоған 14 мамырға жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапарына, оның аясында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысын өткізуге, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне ерекше мән беретінін атап өтті.

Тоқаев түрік көшбасшысының Астанада өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосымша серпін беретіні туралы пікірін қолдап, сондай-ақ Түркістанда өтетін түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінен үлкен үміт күтетінін айтты.

Өз кезегінде Ердоған Қазақстан Президентін сәуір айында Антальяда өтетін Дипломатиялық форумға қатысуға шақырды. Бұл шақыру ризашылықпен қабылданды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирактағы миссиясын аяқтайды

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ, РФ аумағында тыйым салынған) террористік тобына қарсы он жылдан астам уақытқа созылған миссиясы сәрсенбі күні аяқталады, деп хабарлады «Әл-Арабия».

Оңтүстік Кореядан басқа Азия елдерінің қор индекстері өсіп жатыр

Сәрсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі өсіп жатыр.

Пентагон Boeing компаниясымен алтыншы буын жойғыш ұшағын шығару жөнінде келісімшарт жасасты

АҚШ Қорғаныс министрлігі Boeing Co. компаниясымен алтыншы буындағы F/A-XX палубалық стелс-жойғыштарын өндіруге $20 млрд-тың келісімшартын жасасқанын хабарлады. 2030 жылдардан бастап бұл ұшақтар АҚШ авианосецтерінің қару-жарағына енгізіледі.

АҚШ-тың жетекші технологиялық компаниялары ЖИ-ді бақылау жөнінде келісімге келді

АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) әзірлейтін жетекші компаниялардың басшылары Ақ үйде ЖИ модельдеріне ішкі бақылауды күшейту жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.