Евразия24ЖаңалықтарТоқаев қазақстандықтардың дербес деректерін қорғауды басым міндет деп атады

Тоқаев қазақстандықтардың дербес деректерін қорғауды басым міндет деп атады

|

|

Астана. 15 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және киберқауіпсіздік мәселелерін талқылаған Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жиын барысында заманауи киберқауіптер және оларға қарсы іс-қимыл тәсілдері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы киберқылмыстармен, соның ішінде интернет-алаяқтықпен күрестің ерекше маңызын атап өтті. Ол сондай-ақ киберқылмыстарды тергеуге тартылған мемлекеттік органдардың құзыреттерін күшейту қажеттігін айтты.

Президент азаматтардың дербес деректерін қорғауды басты міндет ретінде белгілеп, олардың таралуына жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту керектігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге және стратегиялық тәуекелдерді азайтуға бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экранға телмірген ұрпақ білімнің бағасын жоғалтып алмай ма?

«Білім – таусылмайтын қазына» дейді халқымыз. Расында, адамға өмір бойы серік болатын ең үлкен байлық – білім. Ол ешқашан құнын жоғалтпайды, керісінше, иесін биік белестерге жетелейді. Алайда бүгінгі цифрлық дәуірде осы асыл құндылықтың бағасын жете түсінбей келе жатқан жастардың қатары көбейіп бара жатқандай. Бұл – тек бір отбасының немесе бір мектептің емес, тұтас қоғамды алаңдатарлық мәселе.

Чехияда оқу: Еуропалық білімнің шынайы келбеті

Еуропалық білім алу бүгінде Қазақстан жастарының көпшілігі үшін маңызды мақсаттардың біріне айналды. Бірі сапалы білім алу үшін шетелдік университеттерді таңдаса, енді бірі халықаралық тәжірибе жинап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды көздейді. Алайда қызығушылықпен қатар көптеген сұрақтар да туындайды. Еуропалық білім беру жүйесінің ерекшелігі қандай? Оқуға түсу қаншалықты қиын? Шетелдік студенттер қандай қиындықтарға тап болады? Жалпы, шетелде оқу шынымен күткен үмітті ақтай ма? Бұл шығарылымда осы сұрақтарға жауап береміз.

Қытайдағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристік сұраныс тұрақты

Биыл жазда Қытай аумағында болған бірнеше тайфун туристердің турлардан бас тартуына немесе сұраныстың төмендеуіне әсер еткен жоқ.

Азия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері сейсенбідегі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Жапон биржасы жумыс демалыста жұмыс істеген жоқ .