Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: “Росатоммен” АЭС бойынша жасалатын барлық келісімдер Қазақстан мүддесін бірінші орынға қоюы...

Тоқаев: “Росатоммен” АЭС бойынша жасалатын барлық келісімдер Қазақстан мүддесін бірінші орынға қоюы тиіс

|

|

 

АСТАНА. 26 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі келіссөздер барысында жауапты ведомстволар ең алдымен еліміздің ұлттық мүдделерін басшылыққа алуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технология жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты.

«Аталған компаниямен («Росатом» – ИФ-Қ) жүргізілетін келіссөздерде уәкілетті агенттік пен үкімет еліміздің мүдделерінен шығуы қажет. Қол қойылатын кез келген келісім әділетті, теңгерімді және тиімді болуы керек. Табиғи байлығымызды, соның ішінде уран қорын, бей-берекет және тиімсіз пайдалануға жол беруге болмайды», – деді Президент.

Мемлекет басшысы тек бір ғана АЭС салумен шектелмей, қосымша екі станцияны салу мәселесін алдын ала жоспарлауға шақырды.

«Бұл мәселе Қытай Халық Республикасының Төрағасымен кездесу барысында да талқыланып, бейбіт атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келісімге қол жеткізілді», – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін қажетті сирек металдарға бай екенін және уран өндіруде әлемдік көшбасшылардың қатарында екенін атап өтті.

«Қазақстан жер қойнауында әлемдік уран қорының 40%-ы шоғырланған. Бұл артықшылықты тиімді пайдалану қажет. Атом электр станциясының құрылысы уранның ел экономикасындағы рөлін түбегейлі өзгертеді. Бұған дейін бұл байлығымыз тек экспортқа бағытталса, енді ішкі сұранысты да қамтамасыз ететін болады. Бұл өзгерістерге қазірден бастап дайындалу керек. Терең сараптама жүргізіп, отандық ғалымдар осыны ескеруі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент айтқандай, Қазақстанда ядролық кластер аясында үш АЭС салу жоспарланып отыр. Оның алғашқысы Балқаш көлінің маңында салынады. «Росатом» компаниясының мамандары 2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысы Үлкен ауылы маңындағы болашақ құрылыс алаңында алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау және топырақ үлгілерін алу жұмыстарын бастаған.

Үкіметтің мәлімдеуінше, екінші және үшінші станцияларды Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы сала алады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.