Евразия24ЖаңалықтарТрамп 150 елге бірыңғай 15–20% кедендік тариф енгізуді жоспарлап отыр

Трамп 150 елге бірыңғай 15–20% кедендік тариф енгізуді жоспарлап отыр

|

|

Вашингтон. 17 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп 150 елден әкелінетін тауарларға ортақ кедендік тариф белгілеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл тариф мөлшері шамамен 10–15% болады.

Real America’s Voice телеарнасына берген сұхбатында Трамп бірқатар елдерге қатысты тарифтік саясаттың әлдеқашан айқындалғанын еске салды.

Африкалық елдерге салынатын кедендік баждарға қатысты сұраққа жауап бере отырып, былай деді: “Қалған шамамен 150 елге ортақ тариф енгізгелі отырмыз, 10–15% шамасында болады».

Сонымен қатар, ол бұл шешімнің түпкілікті бекітілмегенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ әкімшілігі Үндістан және Еуроодақпен сауда келісімдеріне қол жеткізуге «өте жақын» тұр. Оның сөзіне қарағанда, «Еуропа сауда қатынастарында АҚШ-қа ұзақ уақыт бойы залал келтіріп келсе де, қазір мәмілеге келуге бейілді және сыпайы ұстаным танытып отыр».

Канадамен ықтимал келісімге қатысты сұраққа жауап берген Трамп, канадалық тараптың АҚШ фермерлеріне қатысты 400 пайыздық тариф енгізуі «елеулі зиян» келтіргенін айтып өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...