Евразия24ЖаңалықтарУақытша президенті: Сирия соғыстан тайсалмайды және ар-намысынқорғауға дайын

Уақытша президенті: Сирия соғыстан тайсалмайды және ар-намысынқорғауға дайын

|

|

Дубай, 17 шілде. ИНТЕРФАКС – Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа ел халқы соғыстан қорықпайтынын және өз абыройы үшін күресуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы сәрсенбі күні араб БАҚ хабарлады.

«Біз соғыстан қорықпаймыз. Біз өмір бойы қиындықпен бетпе-бет келіп, халқымызды қорғап келеміз. Алайда хаос пен күйреуге жол бермей, сириялықтардың мүддесін алдыңғы орынға қойдық», – деді аш-Шараа.

Ол Израильдің Сирияны тұрақсыздық аймағына айналдыруға тырысып отырғанын айтып, мұндай сценарийге жол беруге болмайтынын жеткізді.

Аш-Шараа друз халқын елдің ажырамас бөлігі деп атап, Израиль әрекеттерінің қоғамда алауыздық туғызуға бағытталғанын айыптады. «Бізішкі немесе сыртқы араздық тудыру әрекеттерін қабылдамаймыз. Біз бәріміз– осы жердің серіктесіміз. Ешкімге Сирияның көптүрлі бейнесін бұрмалауғажол бермейміз», – деді ол.

Уақытша президенттің айтуынша, друз халқының құқықтары мен бостандықтарын қорғау – билік үшін басты басымдықтардың бірі. Аш-ШарааЭс-Сувейде провинциясындағы қауіпсіздікке жауапкершілік жергіліктітоптар мен друз қауымының рухани көшбасшыларына жүктелгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол қажет болған жағдайда халық елдің абыройын қорғауүшін күресуге дайын екенін айтты.

Еске салайық, 14 шілдеде Сирияның Эс-Сувейде провинциясында үкіметкүштері мен друздар арасында болған қақтығыста кемінде 34 адам қазатапқан. Бұдан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израильдің шекарадағы демилитаризацияланған аймақты сақтау және друз халқын қорғау жөніндегі міндеттемелерін еске салды.

Сәрсенбі күні Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Сирия Қарулыкүштерінің Бас штабы мен Дамасктегі президент сарайына соққы жасады.

Друздар – Ливан, Сирия, Иордания және Израильде тұратын араб этноконфессиялық тобы. Олар таухид дінін ұстанады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.