Евразия24ЖаңалықтарТрамп Бразилияға қарсы тариф жариялады

Трамп Бразилияға қарсы тариф жариялады

|

|

Вашингтон. 10 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Бразилиядан келетін барлық импорттық тауарларға 50 пайыздық кедендік баж салығы енгізіледі.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваға жолдаған ресми хатында айтып, The Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.

«2025 жылдың 1 тамызынан бастап АҚШ-қа жеткізілетін барлық бразилиялық өнімге, бұған дейінгі салалық тарифтерден бөлек, 50 пайыз көлемінде қосымша баж салығы салынады», – делінген Трамптың мәлімдемесінде.

АҚШ президентінің айтуынша, бұл шешім ішінара «Бразилия тарапынанАмерика Құрама Штаттарындағы еркін сайлаулар мен сөз бостандығы сынды негізгі құқықтарға жасалған арам ниетті шабуылдарға» жауап ретінде қабылданған.

Өз кезегінде Лула да Силва да әлеуметтік желідегі парақшасында: «Кедендік ставкаларды біржақты көтеруге біз экономикалық өзара жауап беру туралы бразилиялық заң аясында жауап қайтарамыз», – деп жазды.

Ол сондай-ақ: «Бразилияның әлеммен қарым-қатынасы егемендікке, өзара құрметке және ұлттық мүддені ымырасыз қорғауға негізделеді», – деп атап өтті.

Бұған дейін Трамп әлеуметтік желіде 1 тамыздан бастап АҚШ-тың жеті сауда серіктесіне қатысты жаңа тарифтер енгізілетіні туралы хабарлаған. Атапайтқанда, Филиппинге – 20%, Бруней мен Молдоваға – 25%, Шри-Ланка, Алжир, Ливия және Иракқа – 30% мөлшерінде тариф енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар дүйсенбі күні АҚШ президенті тағы 14 елгеОңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Қазақстан, Оңтүстік Африка, Тунис, Босния және Герцеговина, Индонезия, Бангладеш, Сербия, Камбоджа, Таиланд, Лаос және Мьянма – 1 тамыздан бастап жаңа импорттық баж салығы енгізілетіні туралы хабарлаған.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...