Евразия24ЖаңалықтарВенгрия мен Словакия Ресейге қарсы 19-санкциялар пакетін мақұлдауды кештетуі мүмкін

Венгрия мен Словакия Ресейге қарсы 19-санкциялар пакетін мақұлдауды кештетуі мүмкін

|

|

Брюссель. 8 қазан. ИНТЕРФАКС – Еуроодақ елдері тарапынан Ресейге қарсы әзірленіп жатқан 19-шы санкциялар пакетін қабылдау үдерісі Венгрия мен Словакияның ұстанымына байланысты созылуы мүмкін. Бұл туралы EUobserver басылымы ЕО дипломатиялық дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым таратқан мәліметке сәйкес, Будапешт Еуроодақ енгізбек болған Ресейден сұйытылған табиғи газ (СТГ) импортына тыйым салу шарасынан Венгрияны босатуды талап етіп отыр. Сонымен қатар, Словакия премьер-министрі Роберт Фицо 23 қазанда өтетін ЕО саммитінде санкциялар бойынша келіссөздердің жылдамдығына ықпал етуі мүмкін.

Алайда дипломаттардың айтуынша, бұған дейін де Роберт Фицо Еуроодақтан нақты құқықтық міндеттемелерді көздемейтін саяси уәделер алған соң, вето қою ниетінен бас тартқан жағдай болған.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың Ресейге қысымды арттыруды жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл мақсатта Ресейден келетін сұйытылған газға қатысты шектеулерді қамтитын 19-санкциялар пакеті ұсынылады.

Аталған санкциялар пакетін қабылдау үшін ЕО-ға мүше барлық мемлекеттердің бірауыздан қолдауы қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық интеграцияны тереңдетудің негізгі тетіктері

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында Президенттер екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңына жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге қатысты осындай пайыммен келісетінін білдіріп, барлық стратегиялық маңызы бар салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, спортты тиімді дамыту коммерциялық индустрия (кәсіби лигалар, медиақұқықтар, демеушілік) мен қоғамдық бастамалардың (бұқаралық спорт, мемлекеттік бағдарламалар, қызығушылықтар бойынша клубтар) өзара үйлесіміне негізделеді. Бұл элиталық спорттың қаржылық тұрақтылығын да, спорттың қолжетімділігі арқылы ұлт саулығын да қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік бірігу мен инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады. В. Ледневтің пайымдауынша, қазіргі заманғы әлемдік спорт пирамидасы көптеген спорттық «архитекторлар мен конструкторлардың» күшімен құрылған.

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...