Евразия24ЖаңалықтарВьетнамда «Кадзики» тайфунына байланысты 300 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Вьетнамда «Кадзики» тайфунына байланысты 300 мыңнан астам адам эвакуацияланды

|

|

 

Гонконг. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН – Вьетнам үкіметі күшейіп келе жатқан «Кадзики» тайфунына байланысты 325 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Channel News Asia телеарнасы хабарлады.

Билік өкілдері бес жағалау провинциясындағы тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Аталған өңірлердегі мектептер мен қоғамдық ғимараттар уақытша баспана ретінде жабдықталған.

Вьетнамның Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, Тханьхоа және Куангбинь провинцияларындағы екі әуежай уақытша жабылды. Vietnam Airlines және Vietjet әуе компаниялары осы өңірге және өңірден ұшатын ондаған рейсті тоқтатты.

Метеорологтардың дерегі бойынша, желдің жылдамдығы сағатына 166 шақырымға дейін жеткен «Кадзики» тайфуны елдің орталық жағалауына қарай бет алып келеді. Болжам бойынша, дүлей дауыл дүйсенбі күні күндіз материкке жетуі мүмкін.

Тайфун жолындағы барлық балық аулау кемелері порттарға қайтарылды.

Вьетнам үкіметі «Кадзики» тайфуны 2023 жылдың қыркүйегінде елге ауыр шығын әкелген «Яги» тайфунымен салыстырмалы күшке ие болуы мүмкін екенін атап өтті. Сол кезде шамамен 300 адам қаза тауып, 3,3 миллиард АҚШ долларына жуық материалдық шығын келген болатын.

Болжам бойынша, дауылдың негізгі соққысы елдің солтүстігіндегі Тханьхоа мен Нгеан провинциялары аралығында болады.

Channel News Asia телеарнасының дерегінше, «Кадзики» – биыл Вьетнамға жеткен бесінші тайфун.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта жетекші рөлге ие болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан мен әлемдегі резонансты үдерістер: қауіптер мен өзгерістер белгісі

Ермұхамет Ертісбаев НПК-ның YouTube-арнасында жүргізген талдауында мынадай мәселелерге тоқталады: «Украина Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар КҚК инфрақұрылымына соққы жасап отыр.

Тағдыр тауқыметі: жетім балалардың жағдайы талқыға түсті

Eurasia24 бұған дейін жауапты ата-ана болу мәселелеріне қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістерге, оның ішінде асырап алу мен қорғаншылыққа байланысты түзетулерге түсініктеме берген болатын. Алайда біз енгізілген өзгерістерді тереңірек қарастыруды жөн санадық. Себебі түзетулердің бірі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тек ресми түрде тіркелген некедегі отбасыларға ғана орналастыруды көздейді.

Құқықтық тәртіп жолындағы төрттағанды батырлар

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы хабарлауынша, құқықтық тәртіп әскерлерінде асыл тұқымды қызметтік иттердің саны артып келеді. Тек биылдың өзінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің кинологиялық орталығында 42 асыл тұқымды күшік дүниеге келді.Олардың қатарында бельгиялық, голландиялық және неміс овчаркалары бар.