Евразия24ЖаңалықтарВьетнамда «Кадзики» тайфунына байланысты 300 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Вьетнамда «Кадзики» тайфунына байланысты 300 мыңнан астам адам эвакуацияланды

|

|

 

Гонконг. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН – Вьетнам үкіметі күшейіп келе жатқан «Кадзики» тайфунына байланысты 325 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Channel News Asia телеарнасы хабарлады.

Билік өкілдері бес жағалау провинциясындағы тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Аталған өңірлердегі мектептер мен қоғамдық ғимараттар уақытша баспана ретінде жабдықталған.

Вьетнамның Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, Тханьхоа және Куангбинь провинцияларындағы екі әуежай уақытша жабылды. Vietnam Airlines және Vietjet әуе компаниялары осы өңірге және өңірден ұшатын ондаған рейсті тоқтатты.

Метеорологтардың дерегі бойынша, желдің жылдамдығы сағатына 166 шақырымға дейін жеткен «Кадзики» тайфуны елдің орталық жағалауына қарай бет алып келеді. Болжам бойынша, дүлей дауыл дүйсенбі күні күндіз материкке жетуі мүмкін.

Тайфун жолындағы барлық балық аулау кемелері порттарға қайтарылды.

Вьетнам үкіметі «Кадзики» тайфуны 2023 жылдың қыркүйегінде елге ауыр шығын әкелген «Яги» тайфунымен салыстырмалы күшке ие болуы мүмкін екенін атап өтті. Сол кезде шамамен 300 адам қаза тауып, 3,3 миллиард АҚШ долларына жуық материалдық шығын келген болатын.

Болжам бойынша, дауылдың негізгі соққысы елдің солтүстігіндегі Тханьхоа мен Нгеан провинциялары аралығында болады.

Channel News Asia телеарнасының дерегінше, «Кадзики» – биыл Вьетнамға жеткен бесінші тайфун.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.