Евразия24ЖаңалықтарЖаңа бір палаталы парламентте президенттік квота болмайды

Жаңа бір палаталы парламентте президенттік квота болмайды

|

|

АСТАНА. 28 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елде құрылатын жаңа бір палаталы парламентке барлық депутаттар бірыңғай тәртіппен сайланады, ал президенттік квота алынып тасталады.

«Парламенттік реформа – бұл екі палатаны механикалық біріктіру ғана емес. Депутаттар санын шамадан тыс көбейту орынсыз деп санаймын. Керісінше, парламент жұмысы оңтайландырылып, жетілдірілуі керек. Жаңа бір палаталы парламентте президенттік квота болмайды – барлық депутаттар бірыңғай тәртіппен сайлануы тиіс. Бұл – алдағы парламенттік реформаның аясындағы өте маңызды қадам. Осы шараларды қоғамға жан-жақты түсіндіру қажет», – деді Тоқаев жұма күні ауыл әкімдерінің форумында сөйлеген сөзінде.

Бір палаталы парламент құру бастамасын Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұсынған болатын.

«Бұл алдыңғы саяси реформалардың қисынды жалғасы деуге болады. Осылайша, президенттік басқару формасын сақтай отырып, “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” қағидатын нығайтып жатырмыз», – деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, жаңа бастама қоғамда кеңінен талқылануда. Парламенттің құрылымы бойынша көптеген ұсыныстар келіп түсуде. Атап айтқанда, депутаттарды халық санына пропорционалды түрде сайлау жөнінде идеялар айтылуда. Алайда бұл тәсіл қабылданса, депутаттар саны 200 адамға дейін жетуі мүмкін, ал қазіргі таңда екі палатада 148 депутат бар.

Қазақстанның қазіргі парламенті 1995 жылдан бері екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.