Евразия24Жаңалықтар2025 жылы АҚШ-тағы корпоративтік банкроттар саны соңғы 15 жылдағы рекордтық деңгейге жетті

2025 жылы АҚШ-тағы корпоративтік банкроттар саны соңғы 15 жылдағы рекордтық деңгейге жетті

|

|

Нью-Йорк. 29 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – 2025 жылы АҚШ-та компаниялардың банкротқа ұшырау көрсеткіші өсіп, соңғы 15 жылдағы, яғни жаһандық қаржы дағдарысынан кейінгі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды S&P Global Market Intelligence.

Жыл басынан қараша айының соңына дейін кемінде 717 компания өздерінің төлем қабілетсіздігін жариялаған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық, сондай-ақ 2024 жылдың бүкіл көрсеткішінен де жоғары (686 компания). Ал 2010 жылы банкроттық туралы 828 өтініш тіркелген болатын.

Бұл статистикада биржада сауда жасайтын, банкроттық туралы өтініш берген кездегі активтері немесе міндеттемелері кемінде 2 млн долларды құраған компаниялар және биржада тіркелмеген, бірақ активтері немесе міндеттемелері 10 млн доллардан асатын фирмалар қамтылған.

Инфляция, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің сауда саясаты америкалық компанияларға негізгі қысым жасаған факторлар ретінде аталды.

Ең көп банкрот тіркелген сала – өнеркәсіп. Бұл секторды қолдайтынын мәлімдеген Трамп әкімшілігіне қарамастан, шетелдік шикізат пен қосалқы бөлшектерге тәуелділіктің күшеюі саланың ең көп зардап шегуіне әкелді. Жыл басынан 11 ай ішінде 110 өнеркәсіптік компания банкрот деп танылып, бұл салада 70 мыңнан астам жұмыс орны қысқартылған.

2025 жылы тағы бір қиындыққа тап болған сала – тұрмыстық маңызы төмен тұтыну тауарларын өндіру (85 компания банкротқа ұшырады). Бұл сегментке бөлшек сауда желілері де кіреді. Олар өнім бағасының өсуіне байланысты не тауар құнын көтеруге, не шығынды өз есебінен жабуға мәжбүр болып, табыстылығын төмендетті.

Йель университеті жанындағы менеджмент мектебінің профессоры Джеффри Зонненфельд Washington Post басылымына:

«Бұл компаниялар қарапайым америкалықтардың сатып алу мүмкіндігі шектеліп отырғанын жақсы түсінеді. Олар кедендік алымдар мен жоғары пайыздық мөлшерлемелердің кері әсерін азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, бірақ ресурстары шектеулі. Бағаны басқаруға қауқары бар компаниялар шығындарын уақыт өте тұтынушыға жүктейді. Ал қалғандары нарықтан кетеді», – деп пікір білдірді.

Cornerstone Research консалтингтік компаниясының дерегінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында банкроттық туралы өтініш берген 17 компанияның әрқайсысының қарыз мөлшері 1 миллиард доллардан асқан. Бұл – 2020 жылғы COVID дағдарысынан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Аталған компаниялардың қатарында At Home және Forever 21 сияқты бөлшек сауда бренді бар.

2025 жылы сонымен қатар келесі ірі компаниялар банкротқа ұшырады:
– Spirit Airlines (лоукостер, соңғы бір жылдың ішінде екінші мәрте);
– Nikola Corp. (электр жүк көліктерін өндіруші);
– 23andMe Holding (биотехнологиялық компания);
– iRobot (Roomba шаңсорғыштарын жасап, 2000-жылдардың басында нарықта төңкеріс жасаған).

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.