Евразия24ЖаңалықтарЕО Иран билігін құқық қорғаушыларды босатуға шақырды

ЕО Иран билігін құқық қорғаушыларды босатуға шақырды

|

|

Брюссель. 31 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Иранда құқық қорғаушыларды негізсіз ұстау арқылы билікке сын айтуды басу тәжірибесіне қатысты ЕО-ның терең алаңдаушылығын білдірді.

“Біз Иран билігін өздерінің негізгі құқықтарын – сөз бостандығы мен жиналу еркіндігін жүзеге асырғаны үшін негізсіз ұсталған барлық азаматтарды дереу босатуға шақырамыз. Бұл тізімде Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади де бар, оның денсаулығы әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр, сондай-ақ 12 желтоқсанда Машхад қаласында тұтқындалған басқа да құқық қорғаушылар қамтылған”, – делінген сәрсенбі күні жарияланған мәлімдемеде.

Калластің айтуынша, билікке қарсы пікір айтушыларды тұтқындау мақсатында Иран билігінің өз қалауынша қамауға алу тәжірибесін кеңінен қолдануы – елдің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт аясындағы міндеттемелерін бұзуы болып табылады.

“Құқық қорғаушылар Иранда да, өзге елдерде де, өз ұстанымдарын еркін білдіріп, заңды қызметін қауіпсіз жағдайда жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс”, – делінген ЕО дипломатиясының басшысының мәлімдемесінде.

Бұл мәлімдеме Иранда соңғы күндері орын алған, елдегі қаржылық дағдарысқа байланысты басталған жаппай халық наразылығы аясында жарияланды. Қарсылық акциялары Тегеран, Машхад, Исфахан, Шираз және басқа да қалаларды қамтыды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытай елге кіру талаптарын қатаңдатты

15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және елден шығудың жаңартылған тәртібі күшіне енді. «Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушылар сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексергені жөн.

Мәслихат отырысында темекі шеккен депутат жауапқа тартылды

Оқиға Қарағанды облысында болды. Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақов онлайн отырыс кезінде жұмыс кабинетінде темекі шеккен. Алайда отырыстың видеосы интернетке тарап, темекі шегіп отырған депутатқа желі қолданушылары ғана емес, полиция да назар аударды.

Ресейдің бірқатар талабы ЕАЭО шартына қайшы деп танылды

Енді бұл шешімнің мәнін қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік. Әңгіме тауардың қауіпсіздік пен сапаға қойылатын міндетті талаптарға сай екенін растайтын сертификаттар мен сәйкестік декларациялары туралы болып отыр. Ресейде осы құжаттарды тіркеу тәртібіне қосымша талаптар енгізілген. ЕЭК бұл талаптар ЕАЭО-ның ортақ нарығында тауар айналымын қиындатады деген қорытындыға келді.

70 миллион халық: Қазақстанның демографиялық болашағы қандай?

Бала туу көрсеткіші ХХІ ғасырдағы маңызды саяси әрі стратегиялық мәселелердің біріне айналып келеді. Бұл тек әлеуметтік саясатқа қатысты мәселе емес. Қазіргі кезеңде халық саны мен адами капиталдың сапасы жаһандық бәсекеге тікелей ықпал ететін негізгі факторлардың қатарына шықты. Халқы өсіп, білім деңгейі жоғары мемлекеттердің экономикалық, технологиялық және геосаяси мүмкіндігі де арта түседі. Демографияның әлемдік тәртіпке ықпалы күшейіп, көз алдымызда жаңа жағдай қалыптасып келеді. Өнеркәсібі дамыған елдердің басым бөлігі халықтың қартаюы, бала туу деңгейінің төмендеуі және халық санының азаюы мәселесімен бетпе-бет келді. Мұндай жағдайда отбасыларды қолдаудың тиімді жолдарын табу, адами капиталды сақтап қана қоймай, оны арттыру мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы үшін айрықша мәнге ие.