Құпия банкет

|

|

Премьер-Министр Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешуге арналған кеңес өткізді. Оның қорытындылары айтарлықтай маңызды: 2029 жылға қарай Қазақстан энергия тапшылығынан арылып, профицитке көшеді, яғни импорттаушы елден экспорттаушы елге айналады.

Міне, негізгі дәйексөздер:

«Энергетика министрлігі ауқымды инвестициялық жоспарды іске асырудың практикалық кезеңіне көшіп жатыр. Бүгінгі таңда жалпы қуаттылығы 15,3 ГВт болатын, инвестиция көлемі 13 трлн теңгеден асатын 81 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобалардың басым бөлігі электр қуаты нарығы тетігі арқылы тікелей жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге және Қазақстанды энергия тапшылығы бар елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеуші қуаттың да тұрақты артықшылығына (профицитіне) қол жеткізу күтілуде, бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасайды».

Бір жылда белгіленген қуат 25,3 ГВт-тан 26,7 ГВт-қа дейін артты. Жалпы, 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам генерациялаушы қуатты іске қосу қамтамасыз етіледі – бұл да сол кеңесте айтылған мәлімет.

Бірақ “Евразия-24” редакциясын бір ой мазалайды: бұл электр энергиясына байланысты “той” кімнің ақшасына жасалады? Қазақстанның Ресейден электр энергиясын сатып алушы мәртебесінен оны жомарттықпен экспорттаушы мәртебесіне өтуі қанша тұрады және біздің технологиялық әрі индустриалды сапамыздың мұндай революциялық деңгейде жақсаруы үшін кім ақы төлейді?

Айтпақшы, патшаның ісінен ештеңе түсінбейтін үй басқарушысы Буншидан айырмашылығымыз – біз энергетикадан аз-кем хабарымыз болғандықтан да күмәнданамыз.

Жоқ, «қуат нарығы тетігі арқылы шетелдік инвестицияларды тікелей тартуға» қатысты ешқандай күмән жоқ. Шетелдік инвесторлардың Қазақстанға ықыласпен қаржы құятынына шүбә келтіруге болмайды, өйткені олар салған ақшасының толықтай, тез арада және қомақты пайдамен қайтарылатынына сенімді. Кез келген нарыққа тән тәуекелдер бұл жағдайда атымен жоқ: инвестицияның қайтарылуына Қазақстан үкіметі кепіл болып отыр, ол ресми түрде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жариялады.

Бұл ретте үкімет үшін де ешқандай қиындық туындамайды: іске қосылған нысандар бойынша есеп айырысу сәті туғанда, ол қайтарылуы тиіс барлық инвестиция мен инвесторлармен келісілген бүкіл пайданы тарифтің ішіне қоса салады. Ал ол сәт дәл 2029 жылға қарай және одан кейінгі кезеңдерде туады.

Бұл „электр банкетінің“ шотын ақыр соңында қарапайым халық — Қазақстан азаматтары төлейді. Бірі — үйіндегі есептеуіш құралына жазылған жарық ақысы арқылы тікелей төлесе, екіншісі — нарықтағы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы арқылы жанама түрде шығындалады. Себебі электр энергиясының құны кез келген өнімнің — мейлі ол өндірілген, мейлі сырттан әкелінген немесе сатылымдағы зат болсын — бағасына тікелей әсер етеді.

Дәл осы себепті болар, Энергетика министрлігі де, «Самұрық-Қазына» мен «KEGOC» компаниясы да, тіпті Үкіметтің өзі де энергия тапшылығынан құтылып, экспортқа шыққан кезде тарифтің қандай болатыны туралы жұмған аузын ашпай отыр. Бұл жерде мәселе премьердің кеңесінде айтылған үстірт сөздерде емес, энергетиканы дамыту мен жаңғыртуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнында болып тұр. Ол құжаттарда нысандар да, қуат көздері мен қаржы көлемі де, іске асу мерзімдері де тайға таңба басқаша жазылған. Бәрі бар… тек тариф мәселесі ғана айтылмаған.

Айтпақшы, энергия өндіру тарифтерін белгілейтін Энергетика министрлігі де, желілік және өткізу тарифтерін бекітетін Ұлттық экономика министрлігі де халықтың мазасын қашырмау және бизнесті дүрліктірмеу үшін алдағы бағалар туралы жақ ашпай отыр. Олай болса, Премьер-министр бастаған Үкіметтің өзі: «Энергия артықшылығы туындағанда, қазақстандық кВт-сағатты шетелге қандай бағамен сатамыз?» — деп сұрақ қоюы керек еді.

Оның үстіне, энергия тапшылығынан құтылу мәселесі тарифтердің өсуіне байланысты тұтынушылық сұраныстың кемуі есебінен «өздігінен» әрі мерзімінен бұрын шешіліп кетпей ме? Ертең энергиямыз асып-төгіліп тұрса да, экспорттаушыға айнала алмай қалуымыз мүмкін емес пе? Өйткені жекеменшік «инвестициялар» мен инвесторлардың пайдасы есебінен бағасы тым шарықтап кеткен кВт-сағатты ешкім сатып алғысы келмеуі әбден мүмкін.

Айтпақшы, егер қазіргі энергетика саласына жауапты шенеуніктер мен Үкімет басшылығы өздерін бұл қызметте алдағы бір-екі жылдан артық көрмейтін болса, онда оларға бұл мәселенің мән-жайын қазбалаудың еш қызығы жоқ екені түсінікті.

Есесіне, бұл біз үшін өте қызық: егер премьер министрдің кеңесінде айтылғандай, қазіргі 26,7 ГВт қуатқа 2035 жылға дейін тағы 26 ГВт-тан астам қуат қосылатын болса, онда бұл — небары он жыл ішінде бүкіл Қазақстан энергетикасын екі есеге ұлғайту деген сөз. Ал бұл энергетиканың негізі өткен ғасырдың басынан бері КСРО-ның бүкіл пәрменімен құрылғанын ұмытпауымыз керек.

„Евразия-24“ редакциясының пайымдауы бойынша, бұл жоспарлар негізсіз қиялға көбірек ұқсайды. Бұл — сырықсыз өз бойыңнан екі есе биіктікке секіруге талпынғанмен бірдей. Дегенмен, егер құзырлы тұлғалар мұндай мәліметті премьер министрдің алдында баяндап жатса, оған қоса шетелдік инвесторлар өздерінің барлық пәрменімен және коммерциялық мүдделерімен іске кіріссе… бұл мақсатқа жету мүмкін бе?

Біз тек бір мәселеге нық сенімдіміз: еліміздің энергетика саласы мұндай қарқынды екі еселену деңгейіне жете алмайды. Премьерге сызып берілген межеге жетпес бұрын, шарықтап кеткен тарифтер саланың даму қарқынын тежеп, жолын байлайды.

Сондай-ақ, егер кеңеске қатысушыларды алдағы референдумнан кейінгі болашақ толғандырмаса, онда бұл мәселе оларға қатысты емес».

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Құқықтық статистика мен қылмыстық ахуалға шолу

Sputnik Kazakhstan хабарлайды: 2026 жылы қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесі 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.

Қазақстанның дербес бітімгершілік әлеуетінің нығаюы

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері (БҰҰББК) миссиясының ауданына инспекциялық сапармен барды. Сапарға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жетекшілік етті.

Сөз бостандығы және жауапкершілік: Конституция төңірегіндегі дау

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте жалған ақпарат пен дезинформацияға қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынның басты тақырыбы жаңа Конституцияның жарияланған жобасына қатысты болды. «Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдеріне бұл бағыттағы жұмысты жандандыру міндеті жүктелді. Ішкі істер министрлігіне жалған мәлімет таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Ал бұл жұмыстарды үйлестіру Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сеніп тапсырылды», — делінген хабарламада.