Евразия24ЖаңалықтарРоман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

|

|

Астана. 5 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады сейсенбі күні Президенттің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

55 жастағы Скляр 2024 жылы ақпаннан бастап осы тағайындауға дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол әр жылдары Ұлттық экономика вице-министрі, Инвестициялар және даму министрлігі бірінші вице-министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымдарын иеленген.

Президенттің Жарлығымен Әкімшілік Басшысы болған Айбек Дәдебай «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» қызметінен босатылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.