Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Үкіметі жылыту маусымына дайындыққа резервтен 25 млрд теңге бөледі

Қазақстан Үкіметі жылыту маусымына дайындыққа резервтен 25 млрд теңге бөледі

|

|

Астана. 5 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Үкіметі жеті өңірдегі жылу және электрмен жабдықтау нысандарын жылыту маусымына дайындау үшін резервтен 25,4 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

«Жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысы үшін өңірлердің өтінімдері бойынша Үкімет резервінен жеті аймаққа 25,4 млрд теңге бөлу қарастырылуда», — деді Есімханов сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында. Ол қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарына қаражаттың бөлінгенін атап өтті.

Мәселен, Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс тұрғын ауданында орамдық қазандық құрылысы жүріп жатса, Шығыс Қазақстан облысында Риддер ЖЭО-ның № 5 және 6 қазандықтары мен Риддер қаласындағы жылу желілерінің 12 учаскесі жөнделуде. Абай облысында Семей қаласының 1-ЖЭО мен қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Алдағы жылыту маусымынан тұрақты өту үшін министрлік барлық техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырды», — деп қадап айтты вице-министр. Есімханов Энергетикалық қадағалау комитеті іс-шаралардың орындалуына қатаң бақылау жүргізетінін айтып түйіндеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.