Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі ИКАО-ның басшылық органдарын кеңейтуді қолдады

Қазақстан Мәжілісі ИКАО-ның басшылық органдарын кеңейтуді қолдады

|

|

Астана, 21 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) бабына өзгерістер енгізуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабына өзгерістер енгізуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Аталған хаттамалар 2016 жылғы 6 қазанда Монреаль қаласында қол қойылған. Өзгерістер Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) кеңесі мүшелерінің санын, сондай-ақ Аэронавигациялық комиссия құрамын ұлғайтуға қатысты.

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, түзетулер ИКАО кеңесінің құрамын 36 мүшеден 40 мүшеге дейін арттыруды көздейді.

Сонымен қатар Аэронавигациялық комиссия мүшелерінің саны 19-дан 21-ге дейін ұлғайтылмақ. Аэронавигациялық комиссия ИКАО кеңесі бекітуі үшін стандарттар мен ұсынылатын практиканы (SARPS), сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларын (PANS) қарастырып, ұсынымдар береді.

Заңды ратификациялау Қазақстанның халықаралық авиациялық міндеттемелерге бейілділігін растауға, ИКАО-ны басқару ісіне тең құқықты негізде қатысуға, Орталық Азия өңірінің мүдделерін ескеретін бастамаларды ілгерілетуге, сондай-ақ ұйым аясындағы жауапты әрі белсенді қатысушы ретіндегі имиджін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл түзетулерді 114 мемлекет ратификациялаған.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.