Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пунктінің жұмыс режимін тәулік бойына ауыстыруды қолдады

Қазақстан Мәжілісі Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пунктінің жұмыс режимін тәулік бойына ауыстыруды қолдады

|

|

Астана, 21 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Аталған хаттама 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада қол қойылған. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, құжат Қазақстандағы «Кеген-автожол» және Қырғызстандағы «Қарқара-автожол» өткізу пункттерінің жұмыс режимін «жарық уақыттан» «тәулік бойына» ауыстыруды көздейді.

Бұл өткізу пунктінің жұмыс режимін өзгерту қазақстан-қырғыз шекара маңындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тауар айналымын арттыруға, екі ел арасындағы туристік саладағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар мемлекеттік шекарада орналасқан өзге автомобиль өткізу пункттеріндегі жолаушылар ағынын азайтуға жағдай жасайды.

Министрдің мәліметінше, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жолаушылар мен жүк ағыны жыл сайын шамамен 10%-ға өсіп келеді.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...