Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҮлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

|

|

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды. Атап айтқанда, үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ нысандарды жарнамалауға тыйым салынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, қазіргі уақытта төрт жаңа нормативтік құқықтық акт әзірленіп жатыр, сондай-ақ қолданыстағы жеті НҚА-ға өзгерістер енгізу көзделген. Мысалы, үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті толықтай электрондық форматқа көшіруді қарастыратын тиісті нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. «Халыққа қолайлы болу үшін eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында үлестік қатысу негізінде салынып жатқан тұрғын үй нысандарын тексеруге арналған сервис іске қосылды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Евразия24 пікірі:

Бұл — адамдар көптен күткен ең маңызды цифрлық жаңалықтардың бірі деуге болады. Себебі 2025 жылы қыркүйекте Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы — «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ жариялаған мәліметке сәйкес, сол жылы үлестік құрылыс аясында салынып жатқан 606 нысанның небәрі 37,5%-ы ғана (227 объект) заңды болған және барлық рұқсат құжаттарына ие болған. Ал қалған 62,5% көлеңкелі нарыққа тиесілі болып шықns. Ең көп заңсыз құрылыс Алматыда тіркелген: 168 нысанның 109-ы талапқа сай болмаған. Бұл дегеніміз — үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы жоқ тұрғын үй кешендеріне ақша салған адамдар ақыр соңында қаржысынан да, баспанасынан да айырылып қалу қаупіне тап болады. Оған қоса, ақша салмас бұрын құрылыс нысанының «тарихын» тексерудің мүмкіндігі де шектеулі еді. Мәселен, тек әкімдіктер жанындағы қала құрылысы бақылау басқармаларына жеке барып сұрау салу арқылы ғана анықтауға болатын. Алматы әкімдігі соңғы үш жыл бойы сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешендерінің «қара тізімін» тұрақты түрде жариялап келеді. Алайда жалпы алғанда, көпшілік әдемі жарнамаға, үлестік кезеңдегі «тартымды» бағаларға сеніп, егжей-тегжейін тексеруге аса мән бере бермеді. Осы тұрғыдан алғанда, электрондық үкімет порталында іске қосылған үлестік қатысу негізінде салынып жатқан нысандарды тексеру жөніндегі цифрлық сервис — сөзсіз, үлкен серпіліс. Бір ғана батырманы басу арқылы жылжымайтын мүлік нысаны туралы толық ақпарат алып, маңызды шешім қабылдау — жоғары тәуекелдерден сақтайтын нағыз қорғаныс механизмі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Рим Папасы жасанды интеллектіні қолдануға этикалық шектеу қоюға шақырды

Рим Папасы Лев XIV әскери қақтығыстар кезінде жасанды интеллектіні пайдалану қатаң этикалық талаптарға бағынуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлады CNN.

Батыс Еуропада аптап ыстық күшеймек

Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде мамыр айының соңына қарай температуралық рекордтар тіркелуі мүмкін, деп жазады Politico.

Израиль оппозиция жетекшілері АҚШ пен Иран келісімінің болашағына алаңдаулы

Израиль парламентіндегі оппозиция жетекшісі Яир Лапид АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісімді сынға алды, деп хабарлайды The New York Times.

Мексика әлем чемпионаты кезінде Иран футбол құрамасын қабылдауға келісті

Мексика билігі FIFA-ның өтініші бойынша Иран футбол құрамасын әлем чемпионаты кезінде өз аумағында орналастыруға келісті. Бұл туралы Мексика президенті Клаудия Шейнбаум мәлімдеді.