Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды мақұлдады

Қазақстан Мәжілісі ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды мақұлдады

|

|

Астана. 4 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісімге 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында қол қойылған.

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда байланыстарын дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарлардың Моңғолия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасау.

Отырыста Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Қушукова келісімнің мазмұнына тоқталып, құжат 367 тауарлық позиция бойынша импорттық кедендік баждарды алып тастайтынын айтты. Оның сөзінше, келісім үш жыл мерзімге жасалады және тағы үш жылға автоматты түрде ұзартуды көздейді. Ал алғашқы үш жылдық кезең аяқталғаннан кейін тараптар толық форматтағы еркін сауда туралы келісім жасау жөнінде келіссөздер бастайды.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жолданады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.