Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАтаулы әлеуметтік көмек: деректердегі айырмашылық нені білдіреді?

Атаулы әлеуметтік көмек: деректердегі айырмашылық нені білдіреді?

|

|

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 25,8 мың отбасының 138,1 мың мүшесіне тағайындалған. Бұл мақсатқа 2,3 млрд теңге бағытталды. Биыл аталған төлемдерді қаржыландыруға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Еуразия24 пікірі:

Біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір жыл бұрын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар саны туралы қандай дерек келтіргенін салыстырдық. 2025 жылдың 1 ақпанындағы мәліметке сәйкес, АӘК 31,9 мың отбасының 169,1 мың мүшесіне 2,3 млрд теңге көлемінде тағайындалған. Сол жылы бұл мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылғаны хабарланған. Министрлік ай сайын жариялаған мәліметтерге қарағанда, 2025 жылдың желтоқсан айына қарай көмек алушылар саны 54 мың отбасының 290,6 мың адамына дейін жетіп, төлемдердің жалпы көлемі 30,3 млрд теңгені құраған. Алайда жыл қорытындысы бойынша 2025 жылға бөлінген бюджет шығыстары 132,9 млрд теңгеден 98,4 млрд теңгеге дейін қысқарған. Бұл өзгерістер, қыркүйектегі Президент Жолдауынан кейін орын алған. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саладағы алаяқтық мәселесін көтеріп, Үкімет атаулы қолдау көрсету саясатын қайта қарау туралы мәлімдеген еді. Сондай-ақ министрліктің 2025 жылдың 17 сәуірінде жасаған мәлімдемесі бойынша, 2024 жылы АӘК алған 50,9 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде кедейлік шегінен шыққан. Егер жыл сайын мемлекеттік қолдау шамамен бірдей көлемдегі отбасыларды қамтитын болса, онда 2025 жылы АӘК тағайындалған жүздеген мың азамат кімдер? Бір топ қысқа мерзімде табысын айтарлықтай арттырды да, екінші топ бірден әлеуметтік әлсіз санатқа өтті ме? Бұл деректер бірқатар сауал тудырады. Аталған мәселені алдағы уақытта егжей-тегжейлі талдап көрмекпіз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жастардың тәрбиесіне кім араласуы керек?

«Тәрбиесі берік отбасыдан шыққан азаматтар ешқашан адаспайды» Жастар — еліміздің...

Еуропа қор нарықтары өсім көрсетті, Испания индексі төмендеді

Дүйсенбі күні Еуропаның қор нарықтарында негізінен оң динамика байқалуда. Инвесторлар жарияланған макроэкономикалық көрсеткіштер мен корпоративтік жаңалықтарды бағалап жатыр.

АҚШ вице-президенті: Украина қорғанысқа басымдық беруі тиіс

АҚШ Украина Ресейге қарсы ауқымды шабуыл операцияларын жүргізуден гөрі қорғанысқа көбірек көңіл бөлуі керек деп санайды. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс The Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Аятолла Моджтаба Хаменеи Иранның сот билігі басшысының өкілеттігін ұзартты

Иран Ислам Республикасының жетекшісі аятолла Моджтаба Хаменеи Голамхосейн Мохсени Эджеидің Иранның сот билігі басшысы ретіндегі өкілеттігін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы дүйсенбі күні Mehr агенттігі хабарлады.