Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттар«Самұрық-Қазына» тағы да қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» тағы да қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр

|

|

Atameken Business хабарлауынша, «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлер санын 10%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Әңгіме ұлттық холдингтің компаниялар тобы бас кеңсесінің штат құрамын оңтайландыру туралы болып отыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы нақты жұмыс жүктемесі жоқ қызметкерлерді сынға алып, кадрлық құрылымды қайта қарау қажеттігін атап өткен еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бірқатар квазимемлекеттік ұйымдарда өндірістік үдерістерге іс жүзінде тартылмаған қызметкерлер тобы қалыптасқан. Президент жұмыс уақытында мұндай қызметкерлердің бір бөлігі кафелер мен қонақүйлерде уақыт өткізіп, өзара әңгімелесумен айналысатынын, интернетті пайдаланатынын және нақты міндеттерді орындамайтынын атап өтті.

Еуразия24 пікірі:

Ұлттық әл-ауқат қорының ресми сайтында 2025 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша орталық аппараттың құрылымы туралы мәлімет жарияланған. Онда штат саны 124 адамды құрайтыны көрсетілген. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» бас кеңсесіндегі қызметкерлер саны 2022 жылдың қаңтарынан бері артпаған. Сол кезеңде Мемлекет басшысының сынынан кейін, бұрыңғы басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің жетекшілігімен қабылданған шешім негізінде қордың штат саны екі есеге қысқартылып, 248 адамнан 124 адамға дейін қысқартылған еді. Егер «Самұрық-Қазына» штатын тағы 10%-ға қысқарту мүмкіндігін қарастырып отырса, демек мұндай оңтайландыруды бұрын да жүзеге асыруға болар ма еді деген сұрақ туындайды. Әлде Нұрлан Жақыповтың алдында балама таңдау жоқ па? Тағы бір назар аударарлық жайт, 2022 жылы қаңтарда құрылымдық бөлімшелер саны 27-ден 18-ге дейін қысқартылғанымен, 2025 жылға қарай олардың саны қайтадан 27-ге жеткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО-дағы газ қоймалары 61,11%-ға толды, қор жинау қарқыны әдеттегіден төмен

6 тамыздағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қоры 61,11%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Еуропаның газ инфрақұрылымы операторларының Gas Infrastructure Europe (GIE) қауымдастығы.

Иран СІМ Ирак Күрдістанындағы шабуылды арандату әрекеті деп бағалады

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи күрдтерді арандатуға ермеуге шақырып, Ирак Күрдістанының премьер-министрі Масрур Барзанидің кеңсесіне жасалған шабуыл көршілердің арасына іріткі салуды көздейді деп мәлімдеді.

Демократ сенатор Конгрестің келісімінсіз Оманға соққы жасауға тыйым салуды ұсынбақ

Демократ сенатор Тим Кейн АҚШ президенті Дональд Трамптың Оманға қатысты қоқан-лоққысын тоқтату үшін Сенат қарауына әскери өкілеттіктер туралы қарар енгізетінін мәлімдеді.

Австралиядан өзге Азия қор нарықтары төмендеп жатыр

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеді. Тек Австралия нарығында аздаған өсім байқалды.