Евразия24ЖаңалықтарМекке қорғаныс келісіміне қатысушы елдер өңірдегі жағдайды талқылау үшін Эр-Риядта бас қосады...

Мекке қорғаныс келісіміне қатысушы елдер өңірдегі жағдайды талқылау үшін Эр-Риядта бас қосады – Пәкістан СІМ басшысы

|

|

Дубай. 2 қазан. ИНТЕРФАКС – Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия кіретін Мекке қорғаныс келісімінің Стратегиялық саяси және қорғаныс комитеті жақын арада Эр-Риядта өңірдегі ахуалды талқылау үшін отырыс өткізеді. Бұл туралы Пәкістан премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Исхақ Дар мәлімдеді.

«Тараптар комитет отырысын өткізу жөнінде жалпы келісімге келді. Кездесу таяу арада Эр-Риядта өтеді», – деп келтіреді Dawn оның сөзін.

Оның айтуынша, отырыста «жергілікті жердегі нақты жағдай» талқыланып, Сауд Арабиясымен келіссөздерге ерекше назар аударылады. Дар хуситтердің корольдікке шабуылдары жиілеген тұста үш елдің сыртқы істер министрлері 24 қыркүйекте Нью-Йоркте келіссөз өткізгенін, ал 25 қыркүйекте Сауд Арабиясының астанасында бас штаб бастықтарының шұғыл кездесуі болғанын еске салды.

Dawn мәліметінше, комитет құрамына үш елдің сыртқы істер және қорғаныс министрлері, сондай-ақ бас штаб бастықтары кіреді.

Бұған дейін хуситтер Йемен үкіметінің күштеріне қарсы шабуыл операциясын жүргізіп, елдің Қызыл теңіз жағалауындағы барлық аумақты, сондай-ақ Баб-эль-Мандеб бұғазына іргелес өңірлерді бақылауына алған. Сонымен қатар хуситтер мен Сауд Арабиясы бір-біріне соққы жасап жатыр.

Сауд Арабиясы Йемен үкіметінің әскеріне әскери қолдау көрсетіп, үкімет жоғалтқан аумақтарды қайтару мақсатында хуситтердің позицияларына әуеден соққы жасауда. Йеменнің корольдік үшін стратегиялық маңызы зор. Өйткені Қызыл теңіздің оңтүстік қақпасы саналатын Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы Сауд Арабиясының миллиондаған баррель мұнайы тасымалданады. Бұған дейін хуситтер Сауд Арабиясы танкерлерінің бұғаз арқылы өтуіне тосқауыл қоятынын мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Франция ЕО елдеріне резервтен 50 млн баррель дизель отыны мен 50 млн баррель мұнай шығаруды ұсынды

Париж АҚШ-тың осыған ұқсас үндеуінен кейін Еуропалық одақ елдеріне стратегиялық резервтен 50 млн баррель дизель отыны мен 50 млн баррель мұнай шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Politico дереккөздерге сүйеніп.

Украинаға ЕО көмегінің кезекті траншы ретінде 2,9 млрд еуро бөлінеді

Еуропалық комиссия (ЕК) жұма күні Украинаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және реформаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін Ukraine Facility бағдарламасы аясында 2,9 млрд еуро бөлетінін хабарлады.

Йеменнің оңтүстік-батысындағы стратегиялық Таиз қаласы маңында үкімет күштері мен хуситтер арасындағы шайқас күшейді

Хуситтер Йеменнің оңтүстік-батысындағы стратегиялық маңызы бар Таиз қаласына қарай ілгерілеуге әрекет жасап жатыр. Оларға Йемен үкіметін қолдайтын күштер қарсылық көрсетуде, деп хабарлайды жұма күні The National.

Азия биржаларындағы индекстер әртүрлі бағытта өзгерді

Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр. Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі биржалар мерекеге байланысты жабық.