Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 2026 жылы алты жаңа ақылы жол іске қосылады

Қазақстанда 2026 жылы алты жаңа ақылы жол іске қосылады

|

|

Астана. 3 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Биыл Қазақстанда алты жаңа ақылы жол учаскесін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.

«Биыл алты жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отыр», – деді ол.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ақылы негізге көшірілетін жолдар мыналар: Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал (554,6 км), Бурылбайтал – Құрты (226,4 км), Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат (89 км), Талдықорған – Өскемен (773 км), Атырау – Астрахань (277 км) және Мерке – Шу – Бурылбайтал (78 км).

Компания басшысы жол жамылғысында ақаулар анықталған учаскелерде жолақы алуды уақытша тоқтату нормасы енгізілгенін еске салды. Қазіргі уақытта ақаулардың тіркелген көлемі 1,1 млн шаршы метрді құрайды (жалпы ұзындығы 477 км болатын 14 учаске). Олар жол-құрылыс маусымы басталғаннан кейін жөнделе бастайды.

Сондай-ақ жол пайдаланушылардың өтініштері негізінде ақылы жолдарда жолақы төлеу мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту қарастырылған. Тиісті түзетулер уәкілетті органдардың келісу сатысында тұр.

Дархан Иманашевтің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналған (2024 жылы – 48 млрд теңге). Бұл қаражат толықтай ақылы жолдарды күтіп ұстауға бағытталған. Түскен табыс есебінен 1,5 мың дана арнайы техника мен жабдық сатып алынып, 354 мың шаршы метр жол жамылғысы жөнделген, сондай-ақ 340 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланылған.

Көлік министрлігінің дерегінше, бүгінде Қазақстанда жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді.

3 наурыздағы ресми бағам – 1 АҚШ доллары үшін 502,6 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.