Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан парламенті ЕАЭО техникалық регламенттері бойынша мемлекеттік бақылауға қатысты келісімге енгізілген түзетулерді...

Қазақстан парламенті ЕАЭО техникалық регламенттері бойынша мемлекеттік бақылауға қатысты келісімге енгізілген түзетулерді ратификациялады

|

|

Астана. 5 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «2021 жылғы 16 ақпанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын осы салада үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Бұған дейін заңды Мәжіліс қабылдаған. Осылайша құжат Парламентте толық мақұлданып, Президенттің қол қоюына жолданды.

Сенатор Бауыржан Қаниевтің айтуынша, хаттамаға сәйкес «қауіпті өнім» деген терминологиялық тіркес «Одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін өнім» деген ұғыммен алмастырылады.

«Бұл түзету кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды. Өйткені “қауіпті өнім” деген термин қолданылған жағдайда кәсіпкерлердің беделіне нұқсан келтіру қаупі туындауы мүмкін», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, «қауіпті өнім» және «техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнім» ұғымдары бірдей емес. Қауіпті өнім – тауардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне байланысты жол берілмейтін қауіптің бар екенін білдіреді.

«Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталмауына заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ өндірушілер, импорттаушылар және сатушылар жауапты болады», – деп атап өтті сенатор.

Қаниевтің мәліметінше, қазіргі уақытта 19 ұлттық техникалық регламент және Еуразиялық экономикалық одақтың 52 техникалық регламенті қабылданған. Олардың 48-і күшіне енген. Қазақстанда техникалық регламенттердің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар анықталған.

Ең көп техникалық регламент Сауда және интеграция министрлігіне бекітілген – 35, Денсаулық сақтау министрлігіне – 22, Ауыл шаруашылығы министрлігіне – 10.

Сонымен қатар келісімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпарат алмасу қарастырылған. Бұл мұндай өнімнің ішкі нарықта таралуының алдын алуға бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткіліктілік деңгейі ұлғайтылды

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін (ЖШ) есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) баспасөз қызметі хабарлады.

БАҚ: АҚШ Қара теңіздегі барлау ұшуларын тоқтатты

АҚШ-тың барлау ұшақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресей шекарасына жақын Қара теңіз акваториясындағы ұшуларын толық тоқтатты. Бұл туралы Itamilradar порталы хабарлады.

Бахрейн әуе қорғанысы Ирандық үш зымыран мен бірнеше дронды атып түсірді

Бахрейннің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері сенбі күні Иран ұшырған үш баллистикалық зымыран мен бірнеше соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды. Бұл туралы корольдіктің әскери қолбасшылығы хабарлады.

Amanat партиясы президенттік реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық-саяси күштерді бірлескен жұмысқа шақырды

Қазақстандағы билеуші Amanat партиясы Президент реформаларын іске асыру мақсатында елдің барлық қоғамдық-саяси күштерін күш біріктіруге шақырған мәлімдеме қабылдады.