Евразия24ЖаңалықтарКөктемгі әскерге шақыру барысында Қазақстан әскері 21 мыңнан астам сарбазбен толықтырылады

Көктемгі әскерге шақыру барысында Қазақстан әскері 21 мыңнан астам сарбазбен толықтырылады

|

|

Астана. 17 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстан Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатары 21 мыңнан астам азаматпен толықтырылады. Бұл туралы сейсенбі күні республиканың Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«30 маусымға дейін 18–27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. Олардың 11 мыңнан астамы Қарулы күштерге, 7 мыңнан астамы Ұлттық ұланға, 2 мыңы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, шамамен 400-і Төтенше жағдайлар министрлігіне және 300-і Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда азаматтарға шақыру қағаздары SMS-хабарламалар және электрондық үкімет порталы арқылы шақыру пунктіне келу күнінен кемінде үш күн бұрын жолданады.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери есепке алу процестерін автоматтандыруды көздейтін «Smart военкомат» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жүйе әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді дербес есепке алуды, тұрғылықты жерін ауыстырған кезде автоматты тіркеуді, 17 жастағы жасөспірімдерді бастапқы тіркеуді, сондай-ақ кейінге қалдыру мен босатуларды автоматты түрде рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

«2025 жылы осы жүйе арқылы 457 мыңнан астам кейінге қалдыру берілді. Шақыру туралы бұйрықтар электронды форматта рәсімделеді, бұл әскери қызметшілерге кредиттік каникулдар беру үшін мәліметтерді кредиттік бюроларға автоматты түрде жолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар “Е-Медосмотр” жүйесімен интеграция енгізілген. Қазіргі уақытта цифрлық медициналық тексеру Астана, Шымкент қалаларында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында қолданылады. 2025 жылы 17 мыңнан астам шақырылушы медициналық тексеруден цифрлық форматта өтті», – делінген хабарламада.

Министрлік сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын еске салды.

«2023 жылдан бері 9 мыңнан астам сарбаз ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсті. Тек 2025 жылы бұл мүмкіндікті 3,3 мың әскери қызметші пайдаланды. Сондай-ақ 20 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы шамамен 8,8 млрд теңгеге негізгі қарыз бен сыйақы бойынша кредиттік каникул алды», – деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін мемлекет басшысы 2026 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және белгіленген мерзімін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойған болатын. 17 наурыздан бастап әкімдердің орынбасарлары төрағалық ететін қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысын бастады.

Мерзімді әскери қызметтің ұзақтығы 12 айды құрайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.