Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстан энергетикасындағы сын-қатерлер

Қазақстан энергетикасындағы сын-қатерлер

|

|

LSM ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы қуат ағынында айтарлықтай теңгерімсіздік байқалуда. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) өзінің «Орталық Азия энергетикасы: энергетика секторын жаңғырту және энергияға көшу» атты баяндамасында бұл көрсеткіштің рұқсат етілген ±150 МВт диапазонынан бірнеше есе асып кеткеніне назар аударды. «Генерация мен сұраныс арасында ауытқулар туындаған жағдайда, жүйелік ауытқулар Ресей Федерациясынан келетін лимиттен тыс ағындар есебінен жабылады, бұл жиілікті сақтауға мүмкіндік береді. Энергия жүйелерінің тарихи байланысы мен өзара ынтымақтастық Қазақстанға көршілес елдің әлеуетін пайдалануға жағдай жасап отыр. Дегенмен, бағаның өсуі мен баламалы нұсқалардың жоқтығы жалпы энергия қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Егер теңгерімдеудің жеке құралдары дамытылмаса, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) үлесінің артуымен бұл жағдай күрделене түспек», – деп атап өтті банк сарапшылары.

Еуразия24 пікірі:

ЕАДБ мәлімдемесі Қазақстанның энергия жүйесіндегі құрылымдық тәуелділікті айқын көрсетті. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл жағдай қалыпты құбылыс, себебі Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелері бастапқыда біртұтас тізбек ретінде қалыптасқан. Алайда, қазіргі уақытта қуат ағынының рұқсат етілген ±150 МВт көрсеткішінен бірнеше есе асып кетуі Ресей тарапынан көрсетілетін қолдаудың жай ғана сақтандыру емес, Қазақстан энергетикасы үшін тұрақты сүйенішке айналғанын білдіреді. Бұл жағдай жиіліктің тұрақтылығын сақтау және іркілістерді азайту үшін тиімді болуы мүмкін. Дегенмен, мәселе тұрақты тәуелділікке ұласқан жағдайда, Ресей тарапынан бағаның өсуі немесе шарттардың өзгеруіне байланысты шығындар мен тәуекелдер автоматты түрде Қазақстанға ауысады. Энергетика министрлігі бұл жағдайдан хабардар болғандықтан, нысандарды жаңғырту мен жаңа генерациялау қуаттарын салу бағытын ұстанып отыр деп пайымдаймыз. Бірақ мұнда бір ерекшелік бар: барлық жобалар ұзақ мерзімді іске асыруды талап етеді, ал кейбірі тек қағаз жүзінде қалып отыр. Сондықтан тұтыну көлемі артып жатқан қазіргі уақытта қуат ағынына қатысты мәселе жедел шешімін тауып жатқан жоқ.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азық-түлік бағасы төмендеді

Сауда және интеграция министрлігінің уәжіне сүйенсек, бағаның оң серпініне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі – баға белгілеуді әкімшілік жолмен бақылау. Бұған сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінің сақталуын қадағалау, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту жатады.

Балабақшадан тараған ең мейірімді тренд

«Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер күннің соңында бүлдіршіндердің шашын түрлі күлкілі үлгіде сәндеп, ата-аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күтпеген тосынсый аналар мен әкелердің жүздеріне күлкі үйіріп, видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Қолданушылар дәл осындай қарапайым әрі шынайы сәттер балалық шақты бақытты ететінін жазуда», – деп хабарлайды kztodaynews .

Көші-қон саясаты: білікті мамандарға басымдық

Еңбек министрлігі іске асырып жатқан Көші-қон саясатының тұжырымдамасы маңызды бастама деуге болады. Себебі мемлекет көші-қонды енді тек әлеуметтік мәселе ретінде ғана емес, экономикалық дамудың да тиімді тетігі ретінде қарастыра бастады.

ҚНРДА несиелеу жүйесін жаңартып, халықтың борыштық жүктемесін азайтуды көздейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тәуекелге бағдарланған мінез-құлықтық қадағалау мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін іске қосатын ауқымды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер пакетін бекітті. Бұл өзгерістер қаржы ұйымдарын тек формальды талаптардың орындалуы тұрғысынан бақылаудан бас тартып, азаматтарды қаржы өнімдерінің бүкіл өмірлік циклі бойында алдын ала қорғауға бағытталған жаңа тәсілге көшуді көздейді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап толық күшіне енетін жаңа талаптар банк секторының жұмыс қағидаттарын түбегейлі өзгертуді мақсат етеді. Мұндай қадам халықтың қарыз жүктемесі тарихи ең жоғары деңгейге жеткен кезеңде қабылданып отыр. Ел тарихында алғаш рет жеке тұлғалардың берешегі нақты экономика секторына берілген кредиттердің жалпы көлемінен 1,5 есе асып түсті.