Евразия24ЖаңалықтарҰлыбритания Кувейтке Rapid Sentry әуе қорғанысы жүйесін орналастырады

Ұлыбритания Кувейтке Rapid Sentry әуе қорғанысы жүйесін орналастырады

|

|

Лондон. 3 сәуір. ИНТЕРФАКС — Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер Кувейттың тақ мұрагері Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, ел аумағында британдық Rapid Sentry әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесін талқылады.

Ұлыбритания үкіметі басшысының кеңсесі таратқан мәліметке сәйкес, аталған жүйе Кувейт пен Ұлыбританияның өңірдегі персоналы мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Сөйлесу барысында британдық премьер Иран тарапынан жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының Кувейттегі мұнай өңдеу зауытына шабуылын айыптап, Лондонның Кувейтті және Парсы шығанағындағы өзге де одақтастарын қолдауға бейілді екенін растады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Партиялар назарына

Енді барлық партиялардың съездері өтіп, сайлауалды бағдарламалары жарияланды. Демек, сайлаушылардың таңдау жасауына мүмкіндік бар. Ал саяси партиялардың ұсынған бастамаларын, олардың қоғам мен мемлекеттің бүгінгі қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетінін және іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігін талдамас бұрын, Eurasia24 редакциясы назар аударуға тұрарлық тағы бір маңызды мәселеге тоқталғанды жөн көреді. Өйткені сайлау науқаны қысқа мерзімде аяқталғанымен, жаңа Құрылтайға өтетін партиялардың алдағы бес жылдағы басымдықтары дәл қазір айқындалады.

Табыс өскенімен, жалақы өзгерген жоқ

Бұл жаңалық алғашында жағымды әсер қалдырғанымен, Ұлттық экономика министрлігі өзіне тиімді көрсеткішке – халықтың нақты табысының бір жыл ішінде 0,1%-ға артқанына көбірек мән берген. Ал нақты жалақы индексінің 97,7% болғаны назардан тыс қалған.

Әкімшілік қамауға түскен жұлдыздар

Елімізге танымал тұлғалардың қоғамдағы мінез-құлқына қатысты жағымсыз жағдайлар әлі де кездеседі. Жуырда бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астана көшелерінде мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда отын дағдарысының туындау қаупі

Үкімет өкілдері мен квазимемлекеттік сектор сарапшылары Қазақстанда отын дағдарысының орын алмағанын мәлімдеуде. Алайда ресми тараптың бұл мәселеде бірыңғай ұстаным танытуы белгілі бір деңгейде алаңдаушылық туғызады. Егер жағдай ресми мәліметтерге сәйкес тұрақты болып, мұнай өнімдерінің барлық түрлері бойынша қажетті қорлар қалыптасса және жеткізілім штаттық режимде жүзеге асырылса, мұндай қарқынды ақпараттық мәлімдемелердің жиілеу себебі түсініксіз. Отандық басқару аппаратының қалыптасқан тәжірибесіне сәйкес, әдетте мәселе алдымен қордалану сатысынан өтіп, содан кейін дағдарыстық жағдайға ұласады, ал басқарушы органдар тек осыдан кейін ғана проблеманың бар екенін растап, тиісті шешімдер қабылдауға көшеді.