Вашингтон. 4 сәуір. ИНТЕРФАКС — Иранға қарсы әскери іс-қимылдар басталғалы бері кемінде 365 америкалық әскери қызметші жарақат алған. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жараланғандардың басым бөлігі қайтадан қызметіне оралған.
Бұған дейін АҚШ Қарулы күштері Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы Дэн Кейн америкалық әскери қызметшілердің көпшілігі ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары салдарынан жарақат алғанын айтқан.
Қазіргі деректерге сәйкес, әскери іс-қимылдар барысында 13 америкалық әскери қызметші қаза тапқан. Оның ішінде алтауы Кувейтте, біреуі Сауд Арабиясы аумағында қаза болған. Қалғандары америкалық жанармай құю ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмған.




