Евразия24ЖаңалықтарЛиванның оңтүстігіне халық қайта орала бастады

Ливанның оңтүстігіне халық қайта орала бастады

|

|

Дубай. 17 сәуір. ИНТЕРФАКС – The New York Times мәліметінше, Хезболла қозғалысы мен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен кейін Ливанның оңтүстігінен кеткен тұрғындар үйлеріне қайта орала бастады.

Басылымның хабарлауынша, бітім жарияланған соң мыңдаған отбасы елдің оңтүстігіне апаратын негізгі тасжолға ағылған. Алайда израильдік әскерилер Эль-Литани өзенінен оңтүстікке өтетін жолдарды байланыстыратын екі көпірді қиратқандықтан, көліктер лайлы өткел арқылы кезекпен ғана өтуде.

Әсіресе қозғалыс Сайда қаласы маңында күшейген. Жолдарда ұзын-сонар кептеліс қалыптасып, кейбір көліктерде «Хезболла» тулары ілінген.

Ал Бейрут қаласында тұрғындар бітімді атап өтіп, қуаныштарын білдірген.

Басылымның дерегінше, соңғы қақтығыстар салдарынан Ливанда 1 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Касмие ауданында ливандық әскерилер экскаваторлардың көмегімен Эль-Литани өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіруде. Бұл көпір елдің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайды.

Соңғы бір жарым ай ішінде Израиль әскері аталған өзендегі негізгі көпірлердің барлығына дерлік соққы жасаған. Бейсенбі күні, бітім жарияланардан бірнеше сағат бұрын, Касмие ауданындағы көпірге тағы да соққы берілген.

Басылымның атап өтуінше, Израильдің кейбір тұрғындары бітімге наразылық білдіріп, «Хезболла» тарапынан қауіп толық жойылмағанын айтқан. Ливанда да жағдайдың әрі қарай қалай өрбитініне қатысты белгісіздік сақталып отыр. Негізгі сұрақ – атысты тоқтату режимі қаншалықты сақталады.

Өз кезегінде «Хезболла» бітімнің басталғанын растағанымен, оны толық сақтайтыны туралы нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Сонымен қатар ұйым оңтүстік Ливан тұрғындарын Израиль соққыларына ұшыраған аймақтарға жақындамауға шақырды, Израиль келісімдерді жиі бұзады деп мәлімдеді.

Ливан армиясы да түн ортасына қарай Израиль тарапынан бірнеше «агрессия әрекеті» жасалып, бітім шарттары бұзылғанын хабарлаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік атысты тоқтату келісімі жасалғанын мәлімдеген болатын. Бұл келісім жұмаға қараған түні күшіне енді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЭЫДҰ: 2023–2024 жылдары дамушы елдерге климаттық қаржыландыру $270 млрд-қа жетті

Әлемнің дамыған елдері 2023–2024 жылдары дамушы экономикасы бар мемлекеттерге климаттың өзгеруімен күрес шараларын қолдауға шамамен 270 млрд АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жариялаған есепте айтылған.

Аракчи: Ливан АҚШ пен Иран арасындағы бітімнің ажырамас бөлігі болып қала береді

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы қолданыстағы бітім Ливанды да қамтитынын айтып, бұл елдегі атысты тоқтату режимінің бұзылуы салдарсыз қалмайтынын ескертті.

Тегеран АҚШ-ты атысты тоқтату режимін қайта бұзды деп айыптады

Иранның Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні АҚШ тарапы атысты тоқтату режимін бұзуды жалғастырып отырғанын мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы жаңа шабуылдар аясында мұнай қымбаттап, Brent бағасы барреліне 93,7 долларға жетті

Дүйсенбі күні күндізгі сауда барысында мұнай бағасы Иран мен АҚШ арасындағы жаңа соққы алмасулар аясында өсіп жатыр.