Евразия24ЖаңалықтарТоқаев барлық архивтік деректерді ЖИ модельдерін оқытуға арналған деректер жиынтығына айналдыруды тапсырды

Тоқаев барлық архивтік деректерді ЖИ модельдерін оқытуға арналған деректер жиынтығына айналдыруды тапсырды

|

|

Астана. 4 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қысқа мерзім ішінде барлық деректерді жасанды интеллект (ЖИ) модельдерін оқытуға жарамды деректер жиынтығына айналдыруды тапсырды.

«Үкімет қысқа мерзімде барлық архивтік және ағымдағы деректерді жасанды интеллект модельдерін оқытуға жарамды сапалы деректер жиынтығына айналдыруы қажет», — деді Тоқаев дүйсенбі күні Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында. Президенттің сөзі оның баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілген.

Сондай-ақ, ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне деректер сапасының ұлттық стандартын бекітуді және олардың экономика, ғылым мен бизнес үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жалпы, басқарудың дерекке бағдарланған (data-centric) моделіне толық көшу үшін үкіметке барлық нормативтік база мен мемлекеттік бағдарламалардың архитектурасын қайта қарау қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, тиімділіктің негізгі көрсеткіші — деректерді стандарттау және оларды «деректер көлдері» (data lakes) деп аталатын біріңғай желіге біріктіру.
«Егер бұл көшу жақын арада жүзеге аспаса, инновациялық инфрақұрылымға салған инвестицияларымыз, үлкен есеппен алғанда, құмға сіңген судай болады», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Президент жасанды интеллектіні сәтті қолдану үшін дерекке бағдарланған (data-centric) модельді енгізу қажет деп есептейді.

«Құрылымдалған деректер — бұл технологиялар әлеуетін нақты өнімділікке айналдыратын жасанды интеллект дамуының экономикалық негізі. Және бұл жерде тіл бүкіл жүйені бір арнаға тоғыстыратын іргелі қабат ретінде көрінеді», — деп атап өтті Тоқаев.

Ол деректерді нақты құрылымдау және инновацияларды ауқымды түрде енгізу үшін қазақ тілін заманауи цифрлық жүйелерге толыққанды интеграциялау қажеттігін қосты.

«Ортақ деректерсіз, олардың өзара үйлесімділігі мен машинамен оқылу мүмкіндігінсіз ешқандай, тіпті ең күрделі алгоритм де нақты экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете алмайды. Аса құнды ақпараттың орасан зор жиынтығы әлі күнге дейін қағаз архивтерде қалып, цифрлық айналымнан тыс жатыр. Біз уақыт пен мүмкіндіктерді жоғалтып жатырмыз», — деп түйіндеді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.