Евразия24ЖаңалықтарМайлы және бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі: Елде жаңа элеваторлар салынады

Майлы және бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі: Елде жаңа элеваторлар салынады

|

|

Астана. 12 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстанда бұршақ және майлы дақылдар өндірісінің күрт артуына байланысты өнімді бөлек сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

«Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бұршақ және майлы дақылдардың өнімі айтарлықтай өсті. Соған байланысты әр дақылды өзара араластырмай, бөлек сақтау қажеттілігі туындап отыр», — деді А. Сұлтанов сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, биылғы сәуір айынан бастап элеваторлар салу мен оларды жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдана бастады. Сонымен қатар, арнайы «жол картасы» әзірленіп, онда астық сақтау нысандарын салудың негізгі критерийлері мен индикаторлары айқындалған.

«Қаржыландыру мәселесі толық шешілсе, элеваторлардың сыйымдылығын 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл бастамаға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын», — деді Сұлтанов.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазақстанда бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі жиналып, 1,1 млн тоннадан асты. Сондай-ақ, 4,8 млн тонна майлы дақылдар жиналып, бұл да ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеді.

«Исайас» дауылы Мексика шығанағынан АҚШ-қа қарай жылжып келеді

Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.

ЕО-ның көші-қон саясаты тығырықтан шыға алмай отыр

Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келеді

Бейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты біршама қымбаттады.