Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Кения ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр

Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр

|

|

*** Астана Найробиде елшілік ашу туралы шешім қабылдады

Астана. 20 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Астана қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Астанаға келген Уильям Рутоға өзімен бірге ірі бизнес делегациясын алып келгені үшін алғыс білдірді.

«Мен мұны елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген нақты ұмтылыстың айқын дәлелі деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Кенияның Қазақстан үшін Африка құрлығындағы маңызды серіктес екенін атап өтті.

«Біз сіздердің мемлекеттеріңізді құрлықтағы экономикалық және саяси тұрғыдан ең дамыған елдердің бірі ретінде қарастырамыз және түрлі саладағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге мүмкіндік туғанына шын қуаныштымыз. Алға қарай табысты ілгерілеуге барлық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін», – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Найроби қаласының Африкадағы халықаралық орталық ретінде танылғанын және онда БҰҰ жүйесіне кіретін ұйымдар тұрақты түрде орналасқанын атап өтті.

«Осыған байланысты Қазақстан Найробиде өз елшілігін ашу туралы шешім қабылдады», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Кения Президенті Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытудағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастыратынын айтты.

«Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымының өсімі байқалады. Біз Қазақстанды Еуразия өңіріне шығатын маңызды қақпа ретінде көреміз. Бұл — біздің негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерімізді экспорттау үшін аса қызықты әрі ауқымды нарық. Менің сапарым аясында құқықтық негізді нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге жол ашатын бірқатар құжатқа қол қойылады», – деді Уильям Руто.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ирак өз аумағынан басқа елдерге шабуыл жасауға жол бермейді

Ирак президенті Низар Амиди ел аумағын басқа мемлекеттерге шабуыл жасау үшін пайдалануға билік жол бермейтінін мәлімдеді.

Дунай суы тартылып, Румыния Чернаводэ АЭС-ін сумен қамту үшін шұғыл шараларға кірісті

Қуаңшылық салдарынан Дунайдағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген. Осыған байланысты Румыния билігі Чернаводэ атом электр станциясының салқындату жүйесіне қажетті су көлемін қамтамасыз ету үшін қосымша шұғыл шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Bloomberg.

АҚШ пен Канада сауда жөнінде келісе алмады, канадалық бірқатар тауарға 50% баж салынады

АҚШ пен Канада жұма күнінің соңына дейін жаңа сауда шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Осыған байланысты сенбіден бастап Канаданың бірқатар тауарына, соның ішінде сыра мен ірімшікке АҚШ-тың 50 пайыздық баж салығы күшіне енеді, деп хабарлайды The Washington Post (WP).

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтерді

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB»-ге көтерді. Болжам – «тұрақты».