Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарДропперлер мен жасанды интеллект: банктер жаңа қатерге тап болды

Дропперлер мен жасанды интеллект: банктер жаңа қатерге тап болды

|

|

BES.media-ның хабарлауынша, Қазақстанда жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті: банктер қазірдің өзінде мыңдаған заңсыз несиені есептен шығаруға мәжбүр болған. Бүгінде дауыс пен биометриялық деректерді қолдан жасау жаңа қауіпке айналып отыр. «Өткен жылы басты мәселелердің бірі — банктердің антифрод (алаяқтыққа қарсы әрекет) қызметтерінің әртүрлі бапталуында және күдікті операцияларды анықтауда бірыңғай тәжірибе мен әдістеменің болмауында еді. Барлық қаржы институттарын ортақ жүйеге келтіру, яғни банкте қандай рәсімдер мен қызметтердің болуы керектігіне қатысты антифрод шаралары бойынша бірыңғай талаптар бекіту үшін көп уақыт жұмсалды. Бұған дейін кейбір ұйымдар тиісті ақпаратты антифрод жүйесіне жолдаса, екіншілері оны күдікті деп таппай, жібермейтін. Осылайша, барлық банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) үшін бірдей реттелетін ережелер бекітілді», – деп ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы атап өтті. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, банктер мен микроқаржы ұйымдары барлық мүмкін болатын қорғаныс шараларын енгізгендіктерін алға тартуда. Олар ақпараттық қауіпсіздікке қомақты инвестиция құйып, алаяқтыққа қарсы арнайы топтар мен департаменттер құрғанымен, қылмыс деңгейі әлі де бәсеңдемей отыр. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, қаскөйлер клиенттермен байланысқа шығу үшін көбіне мессенджерлер мен телефон қоңырауларын пайдаланады. Осыған байланысты, қаржы ұйымдарының өздері телекоммуникация операторларының жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туралы мәселе көтерді. Агенттік басшысы жасанды интеллект көмегімен жасалатын шабуылдар мен криптовалютаға қатысты алаяқтық схемалар қаржы жүйесі үшін жаңа сын-қатерге айналып отырғанын жеткізді. «Қазіргі уақытта банктер мұндай жаңа сипаттағы шабуылдарға қалай төтеп беру керектігін байыппен қарастыруда. Негізінен, жасанды интеллектінің көмегімен биометрияны да, дауысты да қолдан жасауға болады, ал біздегі көптеген банктер клиентті тіпті дауысы арқылы танитынын ескеруіміз қажет…», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Еуразия24 пікірі:

Кибермәселелермен және алаяқтықпен әлемнің цифрлық экономикасы дамыған елдерінің барлығы дерлік күресіп келеді. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалып отырған жоқ. Бастысы, қаржы реттеушісі жаңа қауіп-қатерлерден бейтарап қалмай, банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) үшін бірыңғай талаптар енгізу, күдікті операцияларды анықтау рәсімдерін үйлестіру және қаржы секторы мен телекоммуникация операторлары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту арқылы алаяқтыққа қарсы (антифрод) инфрақұрылымды жүйелі түрде қайта құруда. Бұл — көптеген дамыған елдердің басынан өткен тәжірибе. Мысалы, Сингапурде банктер мен телеком-операторлар бірлесіп, күдікті SMS-хабарламалар мен қоңырауларды нақты уақыт режимінде бұғаттайды, сонымен қатар аударымдардың бір бөлігін арнайы белгіленген «үзіліс кезеңінде» тоқтатуға мүмкіндік бар. Ұлыбританияда банктер аударым жасамас бұрын алушының аты-жөнін тексеруге арналған «Confirmation of Payee» жүйесін және банктер арасындағы орталықтандырылған антифрод платформаларын енгізді. АҚШ-тың ірі банктері қарапайым биометриядан көпфакторлы мінез-құлық аналитикасына белсенді түрде көшуде, өйткені жасанды интеллект қазірдің өзінде адамның дауысы мен бейнесін айнытпай қолдан жасай алады. Австралияда банктерді, полицияны, байланыс операторлары мен реттеушілерді біріктіретін «Scamwatch» ұлттық орталығы құрылды. Біріккен Араб Әмірліктерінде банктер пайдаланушының тек дауысын ғана емес, оның микромінез-құлқын — мәтінді теру жылдамдығын, экранды басу сипатын, геолокациясын және құрылғының цифрлық профилін талдайтын жасанды интеллект жүйелерін енгізе бастады. Яғни әлемдік тәжірибе іс жүзінде «парольмен қорғау» моделінен үздіксіз цифрлық идентификациялау моделіне көшіп жатыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Психологтар туралы заң қазақстандықтарды біліктілігі расталмаған мамандардан қорғайды

2026 жылы 2 шілдеде Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды. Бұл құжатты белгілі бір дәрежеде тарихи заң деуге болады. Өйткені бір жылдан астам уақыт бойы оның төңірегінде қызу пікірталас өрбіді: Парламент кулуарларында қатаң талқыланды, оған қарсы петициялар жарияланды, ал әлеуметтік желілерде қоғамның наразылығы кеңінен көрініс тапты. Қоғамдағы алаңдаушылықтың негізгі себебі заңдағы жаңа нормалар мектептерде балаларға олардың заңды өкілдерінің хабарынсыз және келісімінсіз психологиялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді деген қауіп болды.

Euronews: қазақша сөйлейміз

Қазақстанның көпвекторлы ақпараттық кеңістігі бұл бағытта да көрініс табуда. Euronews үшін қазақ тілі Орталық Азия халықтарының тілдері арасындағы алғашқы тіл болмақ.

Қазақстан халық партиясы Құрылтай сайлауына үміткерлер тізімін бекітті

Құрылтай сайлауына Қазақстан халық партиясы VIII сайланған Мәжілістің бес депутатының төртеуін – Асылбек Нұралинді, Кенжегүл Сейтжанды, Ирина Смирнованы және Ислам Сұңқарды ұсынған. Ал партияның белсенді мүшелерінің бірі Мағеррам Мағеррамов кандидаттар тізіміне енбеген.

45 градус: патриотизмнің жаңа өлшемі

Қазақстанда ақылға қонымды шешімдердің бірі қабылданды деуге болады. Бұған дейін азаматтар өз балконына Мемлекеттік туды ілгені үшін ескерту алып, тіпті кей жағдайда айыппұл төлеу қаупіне тап болса, енді мемлекет мұндай бастамаға ресми түрде рұқсат берді.