Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Иран келіссөздерінде Иран экономикасына инвестиция салатын қор құру мәселесі талқылануда

АҚШ пен Иран келіссөздерінде Иран экономикасына инвестиция салатын қор құру мәселесі талқылануда

|

|

Вашингтон. 29 мамыр. ИНТЕРФАКС — АҚШ пен Иран арасындағы дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер барысында Иран экономикасын дамытуға арналған инвестициялық қор құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған The New York Times (NYT) басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, ирандық шенеунік пен бір дипломат қордың көлемін шамамен 300 млрд АҚШ долларына бағалаған. Алайда келіссөздерге делдалдық жасап отырған өзге ресми тұлғалар бұл соманы растаған жоқ.

Ирандық мемлекеттік қызметкер бұл бастаманы түпкілікті келісімге қол қойылған жағдайда елге ұсынылатын «қайта қалпына келтіру бағдарламасы» деп атаған. Бұған дейін Иран келіссөздер барысында бомбалау салдарынан келген шығын үшін өтемақы талап еткен болатын. Кейбір ирандық шенеуніктер бұл шығын көлемін 300 млрд доллардан 1 трлн долларға дейін бағалаған.

Екі дипломаттың айтуынша, сөз халықаралық инвестициялық қор туралы болып отыр және тараптар түпкілікті келісімге келген жағдайда оның жұмысына АҚШ қолдау көрсетуі мүмкін. Қордың қызмет ету тетіктері әзірге нақтыланбаған. NYT мәліметіне сәйкес, бұл ұсыныс АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер бұрын ұсынған идеялардың жалғасы болуы ықтимал.

Басылымның жазуынша, Иран өкілдері бұған дейін АҚШ тарапына америкалық компаниялардың, оның ішінде ірі мұнай және энергетика корпорацияларының Иран нарығына инвестиция салып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік беруді де ұсынған.

Сонымен қатар, келіссөздері жалғасып жатқан алдын ала келісім жобасында Иранның шетелде бұғатталған активтерінің бір бөлігін кезең-кезеңімен босату мәселесі де қарастырылуы мүмкін. Тегеран олардың жалпы көлемін 24 млрд доллар деп бағалайды, оның ішінде 20 млрд доллары Таяу Шығыс елдерінде бұғатталған.

NYT дерегінше, АҚШ әкімшілігі ішкі саяси қиындықтарды болдырмау үшін активтерді босату процесіне басқа мемлекеттерді, соның ішінде Катарды тарту нұсқаларын қарастыруда. Ирандық шенеунік пен екі дипломаттың айтуынша, келісімнің алдын ала нұсқасында ирандық қаражатты кезең-кезеңімен бұғаттан шығару туралы ереже болуы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Еурокомиссия қыркүйек соңында ЕО-ны кеңейту тәртібін реформалау жөніндегі ұсыныстарын таныстырады

Еуропалық комиссия (ЕК) қыркүйектің соңында Еуроодаққа жаңа мемлекеттерді қабылдау тәртібін өзгертуге бағытталған бірқатар ұсынысын ЕО-ға мүше елдерге жолдайды, деп хабарлады жұма күні Bloomberg.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтары аптаны әртүрлі нәтижемен аяқтады

Жұма күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағы (АТА) елдерінің қор нарықтарында ортақ бағыт байқалмады.

Норвегияның жаңа королі Хокон VIII есімін таңдады

Жұма күні таңертең қайтыс болған Норвегия королі Харальд V-тің ұлы таққа отырып, Хокон VIII есімімен ел басқарады. Бұл туралы Норвегия король сарайына сілтеме жасаған батыс БАҚ-тары хабарлады.