Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Иранмен алдын ала келісімге қол қою мәселесін қарастыруда

АҚШ Иранмен алдын ала келісімге қол қою мәселесін қарастыруда

|

|

Вашингтон. 29 мамыр. ИНТЕРФАКС — АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығысты реттеу үдерісін бастауға арналған алдын ала келісімнің қазіргі нұсқасына қол қою-қоймау туралы шешімді алдағы бірнеше күн ішінде қабылдамақ. Бұл туралы CNN телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Арна мәліметінше, Ақ үй осы аптада Иранның соғысты тоқтатуға қатысты ұсыныстардың соңғы нұсқасына келісім бергені жөнінде ақпарат алғаннан кейін Трамп кеңесшілеріне құжатқа қол қою мәселесін қарастыру үшін бірнеше күн уақыт қажет екенін айтқан.

Дереккөздердің бірі Трамптың Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеинің түпкілікті шешімі белгілі болмайынша қандай да бір міндеттеме қабылдауы екіталай екенін мәлімдеді.

CNN дерегінше, қазіргі жоспар атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуды көздейді. Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы шектеулерді дереу алып тастау, кемелердің ешқандай алымсыз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету қарастырылған. Иран өз кезегінде 30 күн ішінде бұғаздағы миналарды тазартуға міндеттеме алады.

Кеме қатынасы қалпына келген сайын АҚШ Иран порттарына қатысты шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдетпек. Ал Тегеран Вашингтон талаптарын орындаған жағдайда, АҚШ қаржылық санкцияларды біртіндеп алып тастауды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге АҚШ Иранның бұғатталған активтерін босату процесіне өзі тікелей қатыспай, бұл міндетті басқа мемлекеттерге, соның ішінде Катарға жүктегісі келеді. Бұдан бөлек, Иран үшін арнайы инвестициялық қор құру мәселесі де талқылануда. Алайда оған АҚШ қатыспайды, ал қаржының негізгі бөлігі Парсы шығанағы елдерінен тартылуы мүмкін.

Иранның ядролық бағдарламасы болашақ келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі болмақ. Вашингтон Тегеранның байытылған уран қорынан бас тартуын талап етуде. Оның АҚШ-қа немесе басқа елге жіберіле ме, әлде Иран аумағында жойыла ма деген мәселе кейінгі консультациялар барысында нақтыланады.

Бұған дейін Axios порталы АҚШ пен Иран өкілдері қарулы қақтығысты тоқтату және ядролық мәселе бойынша келіссөздерді бастау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум жобасын әзірлеуді аяқтағанын хабарлаған болатын. Алайда Трамп әзірге бұл құжатты мақұлдаған жоқ. Ал ирандық БАҚ аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Трамптың айтуынша, Вашингтон үшін тиімді келісімге қол жеткізілмесе, әскери іс-қимылдардың қайта жандануы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Еурокомиссия қыркүйек соңында ЕО-ны кеңейту тәртібін реформалау жөніндегі ұсыныстарын таныстырады

Еуропалық комиссия (ЕК) қыркүйектің соңында Еуроодаққа жаңа мемлекеттерді қабылдау тәртібін өзгертуге бағытталған бірқатар ұсынысын ЕО-ға мүше елдерге жолдайды, деп хабарлады жұма күні Bloomberg.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтары аптаны әртүрлі нәтижемен аяқтады

Жұма күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағы (АТА) елдерінің қор нарықтарында ортақ бағыт байқалмады.

Норвегияның жаңа королі Хокон VIII есімін таңдады

Жұма күні таңертең қайтыс болған Норвегия королі Харальд V-тің ұлы таққа отырып, Хокон VIII есімімен ел басқарады. Бұл туралы Норвегия король сарайына сілтеме жасаған батыс БАҚ-тары хабарлады.