Евразия24ЖаңалықтарТоқаев ЕАЭО елдерін өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп секторын цифрландыруды жеделдетуге шақырды

Тоқаев ЕАЭО елдерін өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп секторын цифрландыруды жеделдетуге шақырды

|

|

Астана. 29 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерді өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияларды белсенді енгізуге шақырды. Оның айтуынша, цифрландыру – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты өсімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.

Жұма күні Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы роботтандыру, өнеркәсіп пен тау-кен металлургия салаларындағы бұлтты шешімдер, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың «цифрлық егіздерін» пайдалану еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтатынын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығын автоматтандыру өнімділікті арттыруға, су ресурстарын үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Тоқаев.

Президент цифрландыру технологиялық трендке ілесу емес, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын стратегиялық құрал екенін айтты.

Оның сөзінше, цифрлық жоспарлау және болжау мүмкіндіктерінің арқасында Қазақстан қатарынан екінші жыл рекордтық көлемде – 27 млн тонна астық жинап отыр. Сонымен бірге елімізде барлық ауыл шаруашылығы жерлерін толық цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.

Агродрондар, спутниктік навигация және метеостанциялар деректерін пайдалану аясы кеңейіп келеді. Жер учаскелерін пайдалануға беру рәсімі электронды форматқа көшірілуде. Сондай-ақ аграршыларды мемлекеттік қолдау жүйесін толық цифрландыру көзделіп отыр, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы ЕАЭО елдерінің күш-жігері одақтың жаһандық азық-түлік нарығындағы позициясын нығайтуға қабілетті жоғары технологиялық бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс екенін айтты.

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау мәселесіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілген түзетулер осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады», – деп түйіндеді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Еурокомиссия қыркүйек соңында ЕО-ны кеңейту тәртібін реформалау жөніндегі ұсыныстарын таныстырады

Еуропалық комиссия (ЕК) қыркүйектің соңында Еуроодаққа жаңа мемлекеттерді қабылдау тәртібін өзгертуге бағытталған бірқатар ұсынысын ЕО-ға мүше елдерге жолдайды, деп хабарлады жұма күні Bloomberg.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтары аптаны әртүрлі нәтижемен аяқтады

Жұма күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағы (АТА) елдерінің қор нарықтарында ортақ бағыт байқалмады.

Норвегияның жаңа королі Хокон VIII есімін таңдады

Жұма күні таңертең қайтыс болған Норвегия королі Харальд V-тің ұлы таққа отырып, Хокон VIII есімімен ел басқарады. Бұл туралы Норвегия король сарайына сілтеме жасаған батыс БАҚ-тары хабарлады.