Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Үкіметі Shell компаниясымен Қарашығанақ, Қашаған және «Жаңатұрмыс» жобаларын талқылады

Қазақстан Үкіметі Shell компаниясымен Қарашығанақ, Қашаған және «Жаңатұрмыс» жобаларын талқылады

|

|

Астана. 30 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстандағы Shell концернінің аға вице-президенті әрі төрайымы Сюзанн Куганмен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері қаралды.

Тараптар әріптестіктің оң қарқынмен дамып келе жатқанын және бұған дейін қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, 2026 жылғы наурызда Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Shell компаниясы Ақтөбе облысындағы «Жаңатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі келісімшартқа қол қойған болатын.

Налибаев жетілдірілген үлгілік келісімшарт аясында жүзеге асырылатын «Жаңатұрмыс» жобасының маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде сондай-ақ елдің энергетика саласы үшін стратегиялық мәнге ие Қарашығанақ пен Қашаған жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Тараптар өндірістік көрсеткіштердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және аталған жобаларды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Еске салсақ, Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биыл Қарашығанақ кен орнында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, алайда олардың мұнай өндіру көлеміне айтарлықтай әсер етпейтінін мәлімдеген болатын.

Shell компаниясы Қазақстандағы бірқатар ірі энергетикалық жобаларға қатысады. Оның ішінде Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімдегі үлесі – 16,81%, Қарашығанақ кен орнын игеру жөніндегі түпкілікті өнімді бөлу келісіміндегі үлесі – 29,25%, ал Каспий құбыр консорциумындағы үлесі – 7,4%.

Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі. Оның мұнай қоры 1,2 млрд тоннаны, ал газ қоры 1,35 трлн текше метрді құрайды. Кен орнын игеру жұмыстарын 1997 жылы жасалған және 40 жылға есептелген өнімді бөлу туралы келісім негізінде халықаралық Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциумы жүзеге асырады.

Ал Қашаған соңғы онжылдықтарда ашылған әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі саналады. Оның өндірілетін мұнай қоры 9–13 млрд баррель көлемінде бағаланады. Қашағанда коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылдың күзінде басталған.

Аумағы 1,377 мың шаршы шақырымды құрайтын «Жаңатұрмыс» учаскесі Қазақстанның ең перспективалы мұнай-газ бассейндерінің бірінде орналасқан. Жоба аясында 3D сейсмикалық зерттеулер жүргізу және терең барлау ұңғымасын бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.