Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЛауазым жоғарылаған сайын, келісімнің салмағы да артады

Лауазым жоғарылаған сайын, келісімнің салмағы да артады

|

|

Energy Monitor хабарлайды: «Президент Әкімшілігі жетекшісінің Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысып, келісімшарттарға қол қойғанын бірінші рет көріп тұрмын».

Еуразия24 пікірі:

Энергетика саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өте қызықты пікір білдірді. Шындығында да, Санкт-Петербургке «Газпроммен» келіссөз жүргізуге Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов емес, неліктен бірден Роман Склярдың өзі аттанды? Біздің ойымызша, жауап — Президент Әкімшілігінің жаңа жетекшісінің беделі мен лауазымдық салмағында жатыр. Роман Скляр Әкімшілікке ауысқанымен, өнеркәсіп пен энергетика саласының жілігін шаққан кәсіби маман ретіндегі рөлін жоғалтқан жоқ. Оның үстіне, ол қазіргі уақытта ERG Директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Ал Еуразиялық топ өзінің ферроқорытпа, алюминий және тау-кен байыту өндірістерін газдандыруға аса мұқтаж.

Роман Скляр мен Алексей Миллердің кездесуінен кейін «Газпром»: «Тараптар газ саласындағы стратегиялық серіктестікке жоғары баға берді. Жекелей алғанда, «Газпромның» республикаға газды сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге және Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан қомақты үлесі атап өтілді», — деп хабарлады. Бұл мәлімдеме «Газпромның» аймақтағы, оның ішінде өнеркәсіпті газдандыру бағытындағы экономикалық мүддесін тағы бір мәрте дәлелдей түседі. Жалпы алғанда, газ алыбымен жасалған келісімшартқа Энергетика министрінің емес, Президент Әкімшілігі басшысының қол қоюы — бұл құжаттың саяси әрі экономикалық салмағы мүлдем бөлек екенін көрсетсе керек. Склярдың қол қою себебі де содан туындаса керек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан экономикасына 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет болады

2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Финляндияда Fitburg жүк кемесінің капитаны мен экипаж мүшесіне қатысты сот басталды

Финляндияда Fitburg жүк кемесінің капитаны мен боцманына қатысты сот процесі басталды. Оларға Фин шығанағындағы телекоммуникациялық кабельдерді зақымдады деген айып тағылып отыр.

Volkswagen Ducati-ді сатуы мүмкін

Германияның Volkswagen (VW) автоконцерні шығындарын азайту мақсатында активтерін қайта қарап, мотоцикл шығаратын Ducati компаниясын сату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Bloomberg.

Азия қор нарықтарында сауда аралас нәтижемен өтіп жатыр

Сейсенбі күнгі саудада Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор индекстері әр бағытта өзгеріп жатыр.